jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Елеулі жетістік": Тоқаев Жапония премьер-министрін құттықтады

    Қасым-Жомарт Тоқаев және Санаэ Такаичи
    Қасым-Жомарт Тоқаев және Санаэ Такаич. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Жапония премьер-министрі Санаэ Такаичиді құттықтады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Санаэ Такаичиді Жапониядағы парламент сайлауында Либералды-демократиялық партияның жеңіске жетуіне орай құттықтап, жеделхат жолдады.

    "Бұл елеулі жетістік – сіздің парасатты саясатыңыз бен өзіңіз басқарып отырған партияның маңызды жоспарларына барша отандасыңыз көрсеткен сенімнің айқын дәлелі екені сөзсіз. Халқыңыздың жарқын болашағы үшін сіңіріп жатқан қажырлы еңбегіңіз, қолға алған тың бастамаларыңыз еліңізді бүгіннен де биік табыстарға жетелей беретініне кәміл сенемін", - делінген жеделхатта.

    Президент былтыр Жапонияға жасаған ресми сапарын ыстық ықыласпен атап өтіп, өзара уағдаластықтар екіжақты ынтымақтастықты сапалы деңгейге көтергенін жеткізген.

    Сондай-ақ қазақ-жапон қарым-қатынастарының жоғары қарқынын сақтап, оны ұдайы дамыту үшін Санаэ Такаичимен бірге күш-жігер жұмылдыруға дайын екенін растаған.

    "Елеулі жетістік": Тоқаев Жапония премьер-министрін құттықтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.