Тоқаев Иран президентіне жеделхат жолдады
Опубликовано:
Мемлекет басшысы Иран президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Қасым-Жомарт Тоқаев Масуд Пезешкианды Иранның төл мерекесі – Ислам Революциясы күнімен құттықтады.
Президент екі ел арасындағы қарым-қатынас қос халықтың игілігі жолында қарқынды дами беретініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Масуд Пезешкианның жауапты қызметіне толағай табыс, ал Иран халқына құт-береке тіледі.
Айта кетелік, бұған дейін мемлекет басшысы Жапония премьер-министрі Санаэ Такаичиді құттықтап, жеделхат жолдаған еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/universe/2342166-toqaev-iran-prezidentine-zhedelhat-zholdady/