jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Тоқаев АҚШ-қа жұмыс сапарымен барады

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

    18-19 ақпан күндері мемлекет басшысы АҚШ президенті Дональд Трамптың шақыруымен Вашингтонға жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысады.

    "Саммит барысында Газа секторындағы ахуалды тұрақтандыру мәселесіне баса мән беріледі. Атап айтқанда, бейбітшілік орнату, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және гуманитарлық көмек жеткізу бойынша нақты шаралар әзірлеуге ден қойылады", - делінген хабарламада.

    Сонымен қатар сапар кезінде мемлекет басшысы америкалық ірі компаниялардың жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді.

    Тоқаев АҚШ-қа жұмыс сапарымен барады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.