Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2015 жылғы ең үздік қазақстандық бейнебаяндар

Опубликовано:

2015 жылы қазақстандық әртістердің қоржыны хит әндерге толы болғаны көрермендерге жақсы таныс. Отандық шоу-бизнесте жаңашылдығымен көзге түскен бейнебаяндардың оқиғасы бүтін бір хикаядан сыр шерткендей әсер қалдырды. NUR.KZ ztb.kz-ке сілтеме жасап осы жылы тыңдарманның ерекше ықыласына бөленген бейнебаяндарды назарларыңызға ұсынады.

Ерке Есмахан мен Төреғали Төреәлі - "Алло"

Бір айдың ішінде "Алло" бейнебаянын 2 миллионға жуық көрермен тамашалаған. Ал аталмыш видеороликке тыңдармандар түрлі пародия мен қалжыңдар шығарып үлгерді. Ерке мен Төреғали ән шырқау кезінде телефондарын қолдарынан тастамайды.

Серік Ибрагимов - "Жаяу"

Осы жылдың теңдессіз хит әніше айналған Серік Ибрагимовтің "Жаяу" туындысы 1,5 миллион лайк жинаған. Тыңдармандардың сүйікті әніне айналған "Жаяу" еліміздің барлық думанды кештерінде шырқалды.

Қайрат Нұртас және Жанар Дұғалова - "Сен мені түсінбедің"

Қазақтың қос жұлдызы бірге ән салатын туындыны халықтың көп күткені рас. Қайрат Нұртас пен Жанар Дұғалова махаббат хикаясын әсерлі әнімен жанкүйерлердің жүрегіне жеткізе білді.

Жанар Дұғалова - "Айта берсін"

Сюжеті күрделі бейнебаяннан көрермендер Жанардың тамаша биін де, өзгелерге ұқсамайтын стилін де тамашалай алады.

Бейбіт Көшқалиев - "Қайтесің өзгені"

Бейбіт Көшқалиев осы жылы "Қайтесің өзгені " әнімен тыңдармандар жүрегіне бірден жол тапты. Әннің бейнебаяны да тыңдарманына көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, еріксіз билетіп жібереді.

Әли Оқапов - "Жаңғырық"

Әли Оқаповтың бейнебаяны әнші Батырхан Шүкеновтің құрметіне арнап түсірілген.

Мақпал Исабекова - "Хабарласпа"

Мылқау бойжеткеннің махаббат хикаясы ешкімді бейжай қалдырмайды. Бұл бейнебаян үшін Мақпал Исабекова ыммен түсіндіру тіліне арнайы жаттыққан көрінеді.

Мұзарт - "Жеңешем"

"МұзАРТ" тобының "Жеңешем" деп аталатын әзіл аралас туындысы көпшіліктің езуіне күлкі үйіргені сөзсіз.

Sanda - "Асқақ арманым"

Ерік Тастембековтің шәкіртінің махаббат туралы бейнебаяны да тыңдармандарын әуезділігімен баурап алды.

Нұржан Тәжікенов - "Ла-ла-лэй"

Дарынды домбырашының ерекше бейнебаяны көрермендердің таңданысын туғызып, ерекше ықыласына бөленді.

Ділнәз Ахмадиева - "Көз алдымда"

Ділнәз Ахмадиева бейнебаянында ғашығына деген сағынышы мен мұңын тебірене шырқайды. Әншінің сезімге берілген образын жанкүйерлері көңіліне ерекше жақын қабылдады.

"МұзАРТ" тобы - "Мен сені сүйемін"

Нәзіктік пен сезім пәктігін дәл сипаттайтын "МұзАРТ" тобының бейнебаяны ғашықтардың махаббатын ән әлемінде тербетті.

Мархаба Сәби - "Ұнайды маған"

Жас әртіс Мархаба Сәбидің жаңа әні тыңдармандардың көңілінен шыққаны соншалық, ғаламторда әннің бірнеше cover-нұсқасы пайда болды.

Диана Шарапова - Аралдан ұшқан аққулар

Бейнебаянда қазақтың кең даласы мен теңіздерінің әсемдігі көз баурайды. Әншінің құлаққа жағымды даусы да дала көріністерімен әдемі үйлескен.

Диас Аблаев - "Арнаймын саған"

Бір қарағанда түсініксіз көрінетін қарапайым жұбайлардың ауылдағы өмірі қызыққа толы екенін Диас Аблаев бейнебаянда дәлелдеп бергендей.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1000974-2015-zhylghy-enh-uzdik-qazaqstandyq-beyneba-2/

pixel