Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жол апатына ұшыраған қазақстандық жұлдыздар

Опубликовано:

Елімізде кейінгі кездері көбейіп кеткен жол апаты өнер өкілдерінің басынан өтіп жатады. Отандық жұлдыздар арасында жол апатынан өмірімен қош айтысқан тұлғалар да, ажалдан аман қалған өнерпаздар да бар. NUR.KZ жол апатына түсіп, қиындыққа тап болған әртістерді назарларыңызға ұсынады.

Бірер жыл бұрын, жол апатына себепкер болып, жұртты біраз дүрліктірген танымал жандардың бірі - Қайрат Нұртастың продюсері әрі анасы Гүлзира Айдарбекова. Ол "Лексус" көлігімен бағдаршамы жұмыс істемей тұрған қиылысқа шығып кетіп, басқа машиналарға жол бергісі келмеген.

Біраз уақыттан соң, продюсер соққан көліктің иесі Евгений Маринков мүлігінің құнын өтемек түгілі, денсаулығын түзетуге әйгілі отбасы ақша бермей жүргенін айтты. Бірақ Қайраттың анасы жігіттің сөзін жоққа шығарып, зардап шеккен азаматпен сотта жолығатынын жеткізген.

Осыдан үш жыл бұрын Алматыда жол апатына себепкер әнші Қайрат Түнтеков "Лэнд Круизер" көлігімен соқтығысып, жүргізушініжол жиегіндегі арықтың арғы бетінен бір-ақ шығарған. Тізгінге ешбір құжатсыз әрі мас күйінде отырған әртіс бірден өз кінәсін мойындаған.

Арада 2 ай өткенде, жағдай одан әрі ушығып, сотқа жеткен. Жауапкершіліктен жалтарған жұлдыз сахнадан да жырақ кетті.

Танымал скрипкашы Жәмилә Серкебаева бір кездері жолдағы зейінділігін жоғалтып, апатқа ұшыраған болатын. Ол зулай жөнелген көлігін игере алмай, жол жиегінде тұрған көлікті және бұрылуға дайын тұрған тағы бір көлікті соққан. Жойқын соққыдан әртіске ешқандай зақым тимеген. Ақпарат көздерінен апаттың куәсі болған көпшілік скрипкашының жауапсыз әрекетін біраз уақыт талқыға салды.

Әнші Дастан Оразбеков бір жылдың ішінде онға таяу апат жасағанын баяндап берді. Әнші бір рет өлім аузынан қалғанын да жасырмады. Әнші жол апатын Алланың берген сынағы деп қабылдайды екен.

Ал әнші Нұрлан Албан 2000-жылдары көктайғақта Алматыға жол тартып, қарсы жолда келе жатқан көлікпен соқтығысып қалады. Қатты соққыдан көлігі жарамсыз екенін көрген әнші қазірде абайлап жүруге тырысады.

Әнші Нұржан Керменбаев та қара жолдың қателікті кешірмейтінін жақсы түсінеді. Тараз қаласына беталған жолда көлік апатына ұшыраған Керменбаев пен "Арай" тобының әншілері сол бір сәтті ауыр күрсініспен еске алады.

Өткен жылы тыңдармандар әнші Ринат Баситовтан айырылып қала жаздады. Әртістердің жол көлік оқиғасы Балқашқа бара жатқан кезде орын алған. Ринатпен бір көлікте "Азия" тобының өзге әншілері де болған. Көліктің соқтығысуына Ринаттың шаршаңқы күйі себеп болған. Әбден қалжыраған әнші жігіт жүк көлігінің темір тиегін байқамай қалған.

Майра Ілиясова күйеуінің айтқан ақылына сүйеніп, джип мәшинесін сатып алған. Жұбайының "үлкен мәшинеде біреу артыңнан соқса да, аман қаласың" деген сөзіне әнші талай рет көз жеткізгенін алға тартады.

Ал Mysterions тобының әншісі Дильен көлік жүргізу кезінде әлеуметтік желіде отырып, темір тұлпарды тізгіндей алмай, жол апатына түскенін айтты. Әнші ұялы телефонға үңілу апатқа ұшырауға жиі себеп болатынын атап өтті.

Қазақтың "Ақбаянына" айналған Мәдина Ералиева, танымал тележүргізуші Руслан Бөлебай, "Дос-мұқасан" тобының әншісі Бақыт Жұмаділов, жас әнші Нәби Аймұратовтың өмірін сұм ажал жол апаты кезінде үзген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1034295-zhol-apatyna-ushyraghan-qazaqstandyq-zhu/

pixel