RU

Еркін Нұржанов 16 жастағы келіншегін "шымкентский" тәсілмен алып қашқан

"Жігіттер" тобының экс-мүшесі, әнші Еркін Нұржанов  "Той жыры" бағдарламасында құпия ұстаған жеке өмірінің бетпердесін ашып, "әдемі ақ бұлттан жасап алған" жарына қалай қол жеткізгенін баяндады.

Болашақ жарына "көрікті, текті болса" деп талап қойған Еркін Нұржанов сүйіктісін жақсы араласатын ағасының үйінде кездестірген. 7-сыныпта оқитын Динара есімді жас қызға көзі түскен Еркін біраз уақыт бойжеткенмен жақсы араласады.

Кейіннен аға Еркіннің жүрегінде түсініксіз сезімдер пайда болады, ғашық болғанын түсінген әртіс қызға телефонмен үйленуге ұсыныс жасайды.

"Мен жақтан бәленің бәрі. Ұсыныс мен жақтан түсті. Динара да ешқандай қарсылық білдірмеді", - дейді әнші.

Ал әншінің жары Динара өзінен 14 жас үлкен жігіттің сезімін бірден қабылдай алмаған.

"Басында біртүрлі болып жүрдім. Аға болып жүрді. Кейін сөйлесіп-сөйлесіп үйреніп кеттік", - дейді 16 жастағы ару.

"Осындай- осындай күні қонам Алматыға дедім де, Шымкенттің салтымен алып қашып кеттім. "шымкентский вариант" деп айтады ғой", - деді Еркін ұсынысы жайында.

Оңтүстікте дүркіреп өткен тойға шоу-бизнес өкілдерінің түгелі дерлік жиналып, әншінің қуанышына ортақтасады. Еркіннің өнердегі бауыры Төреғали Төреәлі домбырамен ақ келіннің бетін ашады.

Алматының аруына оңтүстікке келін болу оңайға түспеген. Алғашында келіндік парызын өтеуде қиындықтарға тап болған Динара қазір тұрмыстық өмірге төселіп қалған.

Сұхбат барысында Хайыр атты ұлын әке-шешесіне берген жұлдызды отбасы тұңғышын үлкендерден еш қызғанбайтынын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1049629-erkin-nurzhanov-16-zhastaghy-kelinshegin-shy/