Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлия Молдағұлованың суреті ғаламторда дау тудырды (фото)

Опубликовано:

Ғаламторда“соғыстың алғашқы жылдарындағы Әлия Молдағұлова” деген сипаттамамен таралған сурет жұртшылықтың түсінбеушілігін туғызды. Батырдың өмірін зерттеуші Ғалымжан Байдербес гимнастерка киген сұңғақ сұлудың Әлия еместігін алға тартты.

KazNet қолданушыларының бір тобы гимнастерка киген сұңғақ сұлудың сӘлия Молдағұлова екеніне бірден күмәнмен қарады. Енді бір тобы Әлияның батыр ғана емес, өте сұлу қыз болғанын мүлдем білмейтіндерін айтып таңдай қағысып жатты, деп жазады kerek.info порталы.

Оның себебі де жоқ емес. Өйткені, суреттің сипаттамасына “соғыстың алғашқы жылдарындағы Әлия Молдағұлова” деп жазулы тұр. Ол аз болса, бұл суретті ҚР Ұлттық архивіне батырдың сіңлісі Әліп Үсенованың өз қолымен тапсырғандығы туралы да жазылған.

Ал Әлия Молдағұлованың өмірі мен ерлігін зерттеуші Ғалымжан Байдербес “батырдың соғыс жылдарында түсірілген жалғыз ғана суреті бар” дейді. Оның өзі фотосурет емес.

"Қырық жыл Әлияны зерттеген мен бірдеңе білетін шығармын?! Бұл суреттегі Әлия емес! Әліп апайларың жұртты әбден шатастырып бітті. Ұят емес пе?! Қаншама халықты алдап. Жауынгер Әлияның сақталып қалған жалғыз ғана суреті бар. Оны 1944 жылдың 13 қаңтарында лейтенант Грин есімді қаруласы қарындашпен салған. Ертесіне Әлия опат болады. Жалғыз ғана сурет. Оның өзі фотосурет емес. Қарындашпен салынған. Басқасының бәрі болжаммен салынған суреттер", - дейді Ғалымжан Байдербес.

Ал интернетте “соғыстың алғашқы жылдарындағы Әлия Молдағұлова” деп сипатталған суретте Қазақстанның оңтүстігіндегі Жұмат Шанин атындағы театрдың актрисасы Ғазиза Қасенова екені белгілі болды. Бұл туралы Facebook-тегі парақшасында актрисаның қызы Әйгерім Отарбаева жазды. Ол батырдың туыстарынан жұртты алдап, шатастырмауды сұрайды.

Интернетте таралып кеткен суреттің түпнұсқасы да табылды. Онда шымкенттік актриса Ғазиза Қасенова жұбайы Арыстан Отарбаевпен бірге тұр.

"Әлия апамыздың ерлігін бала кезден оқып өстік. Қазақтың батыр қызы деп мақтан тұтамыз. Бірақ тарихтың аты-тарих. Оған қиянат жасауға болмайды. Бұл сурет 1941 жылы емес, 1983 жылы Шымкентте режиссер Жақып Омаров сахналаған “Қыз махаббаты” спактаклі кезінде түсірілген.Әлияның рөлінде Ғазиза Қасенова мен оның серігі Ерланның рөлін ойнағанмын. Суреттің қысқаша тарихы осы", - дейді Арыстан Отарбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1051088-aliya-moldaghulovanynh-sureti-ghalamtor/

pixel