RU

Қайрат Нұртасты туған күнімен құттықтағысы келген анасы ұлына хабарласа алмады (видео)

Бүгін отандық шоу-бизнестің ең табысты әншілерінің бірі саналатын Қайрат Нұртас 27 жасқа толып отыр. Әртіс туған күнін Астанада атап өтуді жоспарлауда.

Қайрат туған күніне орай думанды кеш өткізбейтін көрінеді. Әншінің айтуынша, бұл дүркіретіп тойлайтын елеулі жас емес.

Ал әншінің продюсері әрі анасы Гүлзира Айдарбекова ұлын туған күнімен құттықтау үшін, оған қоңырау шалып, дауысын ести алмағанын мәлімдеді.

"Мінекей, Қайраттын 25-ші ақпан туылған күні басталды.Тура 00:00-де телефон соғып құттықтаймын деп қанша дайындалып тағатсыздана күтіп едім, сөйлесуім мүмкін болмады. Ала-алмағаным үшін өкінбедім, қайта қуандым. Себебі, ол тек менің емес,  халықтың да баласы. Сіздер еш үздіксіз звондап, құттықтап, жақсы тілектер айтып жатқандарыңызды біліп, мəз болып, Аллаға сансыз шүкіршілік айтып отырмын. Сіздерге де қуанышты күндер тілеймін!", - деп жазды Қайраттың анасы Instagram парақшасында.

Есесіне Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртастың ана туралы ән шырқаған сахналық сәттерінен видео үзінділер жариялаған.

Ал әншінің жанкүйерлері Қайраттың анасын да әлеуметтік желіде тынымсыз құттықтап жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1055966-qayrat-nurtasty-tughan-kunimen-quttyq/