Танымал актер Берік Айтжановтың жүрегі не үшін ауырды?
Жарияланған күні:
Танымал актер Берік Айтжанов не үшін жүрегі ауырғанын “Моя история” бағдарламасында айтып берді. Әртістің өмірінде қандай сәтсіз әрі қуанышты оқиғалар болғанын stan.kz жариялады.
Берік Айтжанов – қазақ киносының жарқын жұлдыздарының бірі. Қаншалықты танымал болса, соншалықты тұйық болып келетін Айтжанов “Аманат”, “Ағайындылар” “Так сложились звезды”, “Анаға апарар жол”, “Адель”, “16 қыз” сынды бірнеше фильмге түсіп үлгерді.
Берік Айтжановтың мансап жолында қатты қиналған кездері де болған екен.
“2005-2008 жылдары Қазақфильмде мені актер ретінде ешкім көзге ілмеді. Осының барлығы шабыт берген секілді. Үш жылдай мені ешқайда шақырмады… Қолында дипломы мен басында білімі бар адамға да ешкімнің көмегінсіз аяғына нық тұрып, отбасын асырау өте қиын. Мұндайда өзіңмен, бүкіл өміріңмен бетпе-бет қаласың. Қиын сәттер болды. Кейде, тіпті тұңғышыма дәрі-дәрмек пен жөргек алу үшін дәріханаға төлқұжатымды көрсетіп, қарыз сұрайтын кездерім болды”, – деп актер өмірінің ең қиын сәтін еске алды.
Ол балаларын өзінен қалған ізін жалғастырушы асыл ұрпақ қана емес, шынайы еңбегім деп бағалайды. Олардың әртүрлі сұрақ қойып, таңқалдыратынын да жасырмады.
“Мысалы, тұңғышыммен бір күні мектепке бара жаттық. “Әке, мен саған бірнәрсе айтсам бола ма?” деп ғашық болып қалғанын айтты. Меніңше, екінші немесе үшінші сынып оқып жүрген кезінде. Өзім сынамаға ма, съемкаға ма асығып бара жатырмын. Бар ойым осыда. Жарайсың, иә ондай болып тұрады. Мен балабақшада жүріп ғашық болғанмын деп қоямын. Есімі кім деген ем, артқы жағымнан “Бақытжан” деген дауыс шықты. Мен сазарып кеттім. Фурманов көшесінің бойында сары жолақтар мен автобус аялдамалары көп болғандықтан, тоқтауға болмайды. Жүрегім қысылып, бозарып бара жатырмын. Балам маған қарап “Әке сен мені анандай деп ойлап қалдың ба? Біздің сыныпта Бақытжан есімді бір қыз, бір ұл бар” деді. Осылай қатты таңқалдырғандары бар”, - деп актер өміріндегі ең күлкілі оқиғаны есіне алды.
Күнделікті кішкене қызы жұмысқа шығарып салып тұрып “Әке, ешкіммен сүйіспе” деп айтады екен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1063621-tanymal-artis-berik-aytzhanovtynh-zhure/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.