Серік Ибрагимовтің продюсері плагиат туралы сұраған тілшіге ұрсып тастады (видео)
Жарияланған күні:
Саксофоншы Серік Ибрагимовтің продюсері, Лашын тобы орындайтын "Әсем әнді" молдаван тіліндегі нұсқасынан ұрлағанын мойындағаны былай тұрсын, тілшіге ұрсып, шатақ шығарған. Айтуынша, бұл ән ұрланған емес, ремикс. Осы орайда Астана арнасының Ел аузында бағдарламасы плагиат туралы өзгелердің пікірін біліп қайтты.
Соңғы кездері отандық әншілер "кавер", "ремикс" деген ұғымдарды алға тартып, өзгелердің әндерін өзінікі етіп көрсетуді сәнге айналдырған. Саксофоншы Серік Ибрагимовтің продюсері Алтынбек Рахметов "Лашын" тобы орындайтын "Әсем әнді" молдаван тіліндегі нұсқасынан ұрлағанын мойындамай, тілшілерге ұрсып берген.
"Осы "Ел аузы" дегенде қашу керек қой деймін... Ремикс дегеннің не екенін білгілеріңіз келсе, анықтама алып, бақылап көріңіз. Содан кейін маған сұрақ қойыңыз жарай ма?", - деп ашуланды Алтынбек Рахметов.
Ал істің анық-қанығына жетпек болған тілшілер музыка маманы мен Ұлықпан Жолдасовтың пікіріне жүгінді.
"Тағы бір әдемі әңгіме шықты, плагиаттан бөлек "кавер" нұсқа деген шықты. "Онда тұрған не бар?" деп айта береді. Білмеймін, оның да бір рұқсатын алу керек шығар деп ойлаймын. Егер керек адам айтатынын айтып жүре беретін болса, онда не болды ол? Ана кісінің еңбегі қайда? Осы әнді хит жасаған кісінің, клип түсіріп, қаншама түн ұйықтамай отырып жасаған дүниелерінің бәрін әркім айтып жүр. Оны айтқан ештеңе емес, айта берсін, ешкім айтпа демейді ғой, былай айтқан бөлек те, сонымен сахнаға шығып, жұлдыз болған бір бөлек", - деп пікірін білдірді Ұлықпан.
Сол арада музыка маманы да қазіргі "ән ұрлағыштарға" өз сәлемдемесін жолдады.
"Әрине ондай әндер ("Лашын" тобының әні. Ред. ескертпесі) нағыз плагиатқа жатады. Біреудің жұмысын, біреудің туындысын өзімдікі деп айту дұрыс емес. Әннің әуенін, ырғағын қалдырып, аранжировкасын танымастай өзгертіп, ұсынған адамды плагиатшы деп айтуға болады", - дейді музыка маманы Әлия Аюб.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1063867-serik-ibragimovtinh-prodyuseri-plagia/