Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Роза Әлқожаның күйеуі тоқал алуға қатысты пікірін білдірді

Жарияланған күні:

Роза Әлқожаның күйеуі Айдын Қаба тоқал алуға қатысты пікірін білдірді. Осыған дейін әнші Роза Әлқожа жолдасының тоқал алуына қарсы емес екенін мәлімдеген еді, деп жазады baistars.kz.

Facebook желісіндегі парақшасында әнші Роза Әлқожаның күйеуі Айдын Қаба алдымен халыққа алғысын айтты.

"Халқыма бір рахмет айтқым келіп тұрғаны. РАХМЕТ! Менің отбасым үшін, бала-шағам үшін қатты алаңдап, уайымдайтындарыңызды əлеуметтік желілерде білдіргендеріңіз үшін рахмет! "Ел аузында" бағдарламасындағы бұрмаланған "тоқал" тақырыбы маған да бəле болды. Журналистерді жамандайын десем бір ұшы өзіме де тиеді. Бірақ қазір рейтинг үшін арзан тақырып өтімді болып тұр ғой. Ол біздің қоғамның айнасы деген сөз. Біреудің қиялының құрбаны болып кете жаздадым", - деп жазды Айдын.

Мұнымен қатар, Айдынның айтуынша кей адамдар оның сөзін тіпті өз мақсатына пайдаланып, мүлдем басқаша бұрмалап таратумен айналысыпты.

"Тоқал мəселесі қайдан шықты: Розадан жəй ғана бір журналист сұрай салған, ол "қарсы емеспін" деп жауап берген. Тоқалды нəпсісі үшін емес қандай жағдайда алатынын бəріміз білеміз (ұлы жоқ немесе əйелі мүлдем тумаса) Құдайға шүкір, ол жағынан менде бəрі дұрыс. Əлеуметтік желілерде қатты талқыланып, Розаға тиісіп болған жұрт енді маған өтті. Кейбір адамдар қолдап та жатыр. Біреулер тіпті артық кетіпті. Балағат айтып, жеке басқа, ар-намысқа тиетіндері тағы бар. Қатты талқыланғанына қарағанда бұл мəселе мемлекет үшін болмаса да сол жақтағы кісілер үшін қатты керек саясат сияқты" - деп қорытқан ол тағы бір мәселенің шетін шығарды.

Осылайша, Айдын Қаба тоқал алу ойында жоқ екенін мәлімдеді.

"Тоқал алу ойымда да жоқ. Алмаймын. Алғым да келмейді. Мақсатым ол емес. Мен отбасыммен бақыттымын. Аллаға шүкір, ары қарай да осы отбасыммен бақытты ғұмыр кешсем деймін. Мақсатым: Балаларымды жеткізіп, еліне қызмет етуге үйрету. Ұлды ұяға, қызды қияға қондырып əдемі келіншегіммен əдемі қартайғанша елге қызмет ету!", - деді Роза Әлқожаның күйеуі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1070471-roza-alqozhanynh-kuyeui-toqal-alugha-qat/