Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бір-бірін халық жарастырған жұлдызды жұптар (фото)

Опубликовано:

Өмірде емес, өнерде жұбы жарасқан ғашық жұлдыздар  отандық шоу-бизнесте де жетерлік. Көгілдір экраннан көріп, халық қосқан жұлдызды жұптардың тізімін NUR.KZ Comode.kz-ке сілтеме жасап, назарларыңызға ұсынады.

Мөлдір Әуелбекова мен Мейрамбек Бесбаев - “Ғашық жүрек”

Баян Есентаеваның идеясымен түсірілген фильмде Мөлдір Әуелбекова мен Мейрамбек Беспаев ғашықтардың образын сомдайды.

Оқиға желісінде балалар үйінде тәрбиеленген қыздың арманы Мейрамбек Беспаевпен жүздесу болады. Бойжеткен әншіні бір көріп, сахнада бірге ән айтуды армандайды. Қуанышына орай, әйгілі продюсер Баян Есентаеваны жолықтырып, үлкен сахнаға қадам басады.

Әнуар Нұрпейісов пен Қарлығаш Мұхамеджанова - “Алқызыл қоян туралы ертегі”

Фильм қазақ киносына жаңа леп әкелді. Ауыл драмасынан кейін “Қазақша тонау”, “Рэкетир” сынды үздік туындылар көрерменге жол тартты. “Алқызыл қоян туралы ертегі” фильмінде Нұрпейісов алғаш рет кино әлеміне жарқ етіп шықты. Осы рөлінен кейін актерді көптеген режиссер бірге жұмыс істеуге шақырған болатын.

Киноның сюжетіне келер болсақ, алматылық студент Әнуар арман қалаға табысқа жетуді көздеп келген. Ал Қарлығаш Мұхамеджанова ауыл баласына ғашық болған бай әкенің ерке қызын сомдайды.

Жандос Айбасов пен Динара Бақтыбаева - “Қыз бен жігіт”

Шынайы өмірде сезімталдығымен, нәзіктігімен көзге түсетін актриса, аталған фильмде сотқар қыздың рөлін сомдайды. Өзіміз білетін Қожадан асып түспесе, кем емес.

Фильм желісіне сәйкес, актер Жандос Айбасов қызды осы қасиеті үшін сүйіп қалады. Бірнеше рет кездесуге келген соң, қыз із-түссіз жоғалып кетеді. Кейіпкерлер өздерін тағдыр тоғыстыратынына сеніп, көгілдір экран алдында отырған халықты "әбігерге түсіреді". Картина толық аяқталмағандықтан, көпшілік жалғасы болады деп күтіп жүр.

Сәбина Келін мен Жәнібек - “Сәбина келін”

Нұртас Адамбай әйел адамның образына еніп, Жүгері ауылында тұратын Сәбина келіннің рөлін сомдайды. Бас кейіпкер өзінің басынан кешкендерін айта отырып, "Джумейра Бич" сынды жағажайда демалып, қымбат көлік мінуді өмірдің мәні деп түсінетін қатарластарына күле қарайды.

Әсел Сағатова мен Саят Исембаев - “Рэкетир”

Ақан Сатаевтың көркем фильмі 2007 жылы түсірілді. Фильм жұдырықты өмірдегі басты қаруы санайтын Саят есімді боксшы жігіттің өмірін баяндайды. Жігіт жас кезінде жіберген қателіктері үшін көп жылдан соң жауап береді. Ал актриса Әсел Сағатова кинода Саяттың сүйіктісін ойнайды.

“Рэкетир” фильмі – Ресей актерлерінің қатысуымен өткен алғашқы жобалардың бірі. Бұл фильмде жұртқа “Бумер” фильмі арқылы танылған Владимир Вдовиченков ойнаған болатын.

Аружан Жазылбекова мен Дәурен Айдарқұлов - “Свадьба на троих”

Отбасылы жұп Асқар Бисембин мен Баян Ерімбеттің алғашқы жобасы 2015 жылы шыққан болатын. Дәурен Айдарқұлов, Аружан Жазылбекова, Нұртас Адамбаев үшеуі бірігіп ғашықтардың рөлін ойнап шығады. Нұртас алаяқтың рөлін керемет сомдаған-ды. Аружанды сүйіктісі алдап кетеді. Артынша сүйіктісінің жан досы өзіне ғашық болып, екеуінің таныстығы махаббатқа ұласады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1073390-bir-birin-khalyq-zharastyrghan-zhuldyzdy/

pixel