Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Максим Галкин шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды

Опубликовано:

Ресейлік белгілі жүргізуші және шоумен Максим Галкин Мәскеудегі элиталы клиникалардың біріне шұғыл жатқызылды.

Бұл туралы LifeNews дерегіне сүйенген ras.kz хабарлады.

Әртістің шұғыл кеселхана төсегінен орын алуына іші қатты бүріп ауырғаны себеп болған сияқты.

Агенттік тілшісіне кейін белгілі болғанындай, Алла Пугачёваның күйеуі наурыздың 28-інен 29-ына қараған түні кенет қатты мазасыздана бастайды. Басылымның мәліметіне қарағанда, ауруханада Галкинге алдын ала «күшті аппендицит» деген диагноз қойылған.

Таңғы сағат төрттің кезінде жұлдызды отбасы тұратын Грязи кентіне «жедел жәрдем» көлігі келген. Олар Максимге ауыруды басатын бірнеше укол салып, кейін клиниканың VIP-бөлімшесіне апарып жатқызған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1085020-maksim-galkin-shughyl-turde-aurukhanagha/

pixel