Маржан Сұлтанбай өзіне сын айтқан жанның төсек қатынасы суыған деп жорыды
Жарияланған күні:
Танымал тележүргізуші Маржан Сұлтанбайдың қазақ ырым-тыйымына байланысты зерттеуі мен "тың" қорытындысы жұртшылықтың сынына ұшыраған болатын.
Ғаламтор қолданушылары ырымға сенетіндерді сынаған Маржанның өзін күйеуін жасырып жүргенін сөз еткен.
Ал журналист Нәзия Жоямергенқызының Маржан Сұлтанбайды "діни радикалистер қолындағы "қолшоқпарға" теңегеніне тележүргізуші өз жауабын берді.
“Ал, діни тақырыпта мен, блондинка, мақала жазала алмаймын. Өйткені, ол үшін арнайы білім болу керек. Сұрақ: мен діни радикалистпін бе? Сол рас болса, онда мен сияқты кең етек көйлек киіп, басына орамал таққан бүкіл Маңғыстаудың əйелдері кіріп кетеді бұл топқа!”, - деген Маржан Сұлтанбай ұлттық киім мен орамал таққан келіншектердің суретін жариялаған.
Маржан Сұлтанбай журналистің жазбасын көрген соң, ол туралы сұрастыра отырып, оның төсегі суығанын жорыды.
“Анау Жазғышбековна туралы сұрастырсам, өзі əркімге бір қырғидай тиіп-тиісіп, елді түгендеп отыратын адам екен. Психологтардың айтуынша, төсегі – суық, күйеуі жайсыз болса, əйелдер көздері алақ-жұлақ етіп өзгеге тиіскіш, болмашыға ашуланғыш, жан-жағын жаман сөзбен жайпағыш боп кетеді. Үйінде береке болмаған соң, әйелдің жүзі бал-бұл жанып жүрмейді. Ондай бейшараларды аяу керек…”, - дейді Маржан Сұлтанбай.
Автор өзінің келіндік қызметін де мұқият орындап жүргенін жұртшылыққа жайып салды.
"Мен – келінмін! Алғашқы күннен ата-енемнің алдында сидаңдап тобығымды көрсетіп жүрген емеспін, үзбей сəлем етем, қайныларымның атын атамаймын, мега современный болса да, қайын апамның көзінше жалаңбас жүрген емеспін", - деді Маржан сын айтқандарға.
“Менің отбасымның өз заңдылықтары мен ережелері бар. В чужой монастырь со своим уставом не ходят” деген. Əркім өзіне, өз отбасына ӨЗІ жауап бередi”, - деп кесіп айтты тележүргізуші.
Естеріңізге сала кетсек, осыдан бұрын Маржан Сұлтанбайдың ырым-тыйымға сенетін қазақтарды аяусыз сынағанын және қазақ ырымдарына "тиіскен" тележүргізушінің басы дауға қалғанын жазған болатынбыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1085186-marzhan-sultanbay-ozine-syn-aytqan-zhan/