RU

Бай-бағландарға тұрмысқа шыққан "қарапайым" жұлдыздар

Отандық шоу-бизнесте қалталы адамдармен көңіл жарастырып, өнерімен тәнті етіп, өзіне ғашық еткен жұлдыздар баршылық.

Әртістердің бірі өзінің дәулетті жарын жасырып жатса, енді бірі жеке өмірі жайлы әңгіменің ұшын ғана тарқатып отырады. NUR.KZ бай-бағландармен көңіл қосқан отандық жұлдыздарды назарларыңызға ұсынады.

Мақпал Жүнісова

Әнші Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовке тұрмысқа шығып, бақытты ғұмыр кешті. Алайда 2005 жылы танымал саясаткер белгісіз жағдайда қаза болды.

Мақпал әлі күнге дейін жолдасының қамқорлығын, өнеріне әрдайым қолдау білдіргенін сағынышпен еске алады.

Заманбектің бірінші некесінен туған қызы Құралай Нұрқаділова - елімізге танымал дизайнер. Ал Мақпалмен ортақ қызы Мерей бар.

Гүлнұр Оразымбетова

Қызылорда өңірінің тумасы, әнші Гүлнұр Оразымбетова өзінен 21 жас үлкен азаматқа тұрмысқа шыққанынын бір сұхбатында айтқан болатын. Мемлекеттік қызметкер Серікбай Өрікбайұлының өмірлік серігі атанған әнші күйеуінің көңіліне қаяу түсірмеуге тырысып, ән таңдауда жарының пікірін ескеріп отырады. Әртістің екі ұлы бар.

Ләйлә Сұлтанқызы

Тележурналист Ләйлә Сұлтанқызы - танымал кәсіпкер Қайрат Беркінбаевтың жұбайы. Ерлі-зайыптылар сайлау кезінде танысып, оның арты үйлену тойына ұласқан.

Айнұр Тұрсынбаева

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева да екінші рет тұрмысқа шығып, экс-депутат Шамсат Исабековпен шаңырақ көтерді.

Бірінші некесінен бір ұл, бір қызы бар Тұрсынбаеваның қазіргі күйеуімен ортақ баласы жоқ.

Зивара

Ел арасында әнші Зивара Болат Назарбаевпен көңіл жарастырып, бірге тұрады деген сыбыс бар.

Әнші өнер өкілдерінің өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін "Өнер жұлдыздары" журналын шығарады.

Ленара Баталова

Бір кездері "Рахат-Лукум" тобында өнер көрсеткен Ленара Баталова - "Қазақстанның ең беделді 50 кәсіпкері" санатына кіретін Райымбек Баталовтың жары.

Қазірде танымал отбасының Дария, Мириам атты қыздары мен Ескендір есімді ұлы бар. Райымбек Баталов әнші жұбайының той жасауға қолқа салмаса да, үйлену рәсімінің болғанын айтып қалған еді.

Әсел Сағатова

Отандық кино саласында ең көп сұранысқа ие актриса Әсел Сағатова да танымал тұлғаның ұлына тұрмысқа шыққан. Әртістің жолдасы Радий Мұхамеджанов - бұрынғы экология министрі Камалтин Мұхамеджановтың ортаншы ұлы. Бір шаңырақтың астында 4 жылдан астам уақыт ғұмыр кешіп отырған отбасының Алдияр есімді ұлы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1091589-bay-baghlandarmen-konhil-zharastyrghan-zh/