Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айнұр Тұрсынбаева жолдасын неге елден жасыратынын түсіндірді

Опубликовано:

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева жар таңдауда жолы болғанын меңзеп, күйеуі туралы оқырман сұрағына жауап берді, деп жазады Kazaitys.kz порталы.

Айнұр Тұрсынбаева бірнеше істі қатар алып жүріп, бәріне үлгеруге тырысатын әйел адамының шаруасы бітпейтінін баяндады.

“Айтыс бар, отбасы, бала-шағам, күтпеске болмайтын қонақ бар. Енді осыдан-ақ отбасы мен өнердің тізгінін қатар алып жүрудің қаншалықты киын екенін байқауға болады деп ойлаймын. Әйелдің қырық жаны бар ғой, шыдамды халық. Өнердің жүгін арқалап, тәуекел еткеннен кейін босаңсуға хақымыз жоқ”, - дейді ақын.

Жолдасын жасыратын Тұрсынбаева оқырмандарының қазіргі отбасы туралы қойылған сұрағынан әдеттегідей айналып өтпеді.

Ақынның қазіргі жолдасы Шамсат Исабеков - Қазақстанның таэквондо федерациясының президенті екенін көпшілік біле бермейді.

"Жалпы жолдасым отбасымыздың көпшілік талқысына түскеніне өте қарсы адам болғандықтан қысқа жауап берейін. Жар таңдауда жолым болған адаммын. Өнерде де, өмірде де тиянақты, материалдық түрде көмектесетін, менің ғана емес, отбасымыздың тірегіне Аллаһ куат берсе екен деп амандығын тілеп қана отырамын", - деп қысқа ғана жауап берді Тұрсынбаева.

Ақынның айтуынша, Айнұрдың жастардан гөрі, өзіне көбірек көңілі толмайды екен. Әр кемшілігінен сабақ алып, қателігін екінші рет қайталамауға тырысатын Тұрсынбаева айтыстан бас тартқан кездері де болғанын сөз етті.

“Мен бақытты ақынмын, Әселхан, Әсия апаларыммен бір сахнада жүрдім, Ақмарал, Маржандардан сабақ алдым, өзімнен кейінгі Саралардың өзі қазір тәжірибелі ақынға айналды, яғни бірнеше буынмен бір жүру бақыты бұйырды маған. Қатты шаршаған, тоқыраған кездерім де болды. Бас тарттым қанша айтыстан, бірақ бәрібір қатысуға тура келді. Себебі, өзіме сұраныс бар екеніне көзім жетті. Айнұр, сен енді демал, орныңа осындай қыздар кеп жатыр десе қуана-қуана кете салатын күйде жүрмін қазір. Шәкірт тәрбиелеу қазіргі менің ең басты шаруам болып жүр. Барған жерімнің бәрінде өлең оқыған, домбыра тартқан қыз көрсем сұрақтың астына алам, Сара мен Ұлбикелерді туған қазақ ақын қызға кенде болмау керек қой, бұйырса көп күттірмеймін”, – деген ақын әлі де айтысқа жиі шақырту алатынын айтып қалды.

Еске сала кетсек, біраз уақыт бұрын Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуімен ажырасты деген әңгімеге қатысты берген жауабын жариялаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1092891-aynur-tursynbaeva-zholdasyn-nege-elde/

pixel