RU

Айнұр Тұрсынбаева күйеуімен ажырасты деген әңгімеге түсініктеме берді

Жуырда айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуімен ажырасқаны туралы сенімді дерек көзі мәлімдеген болатын. NUR.KZ тілшісі әңгіменің анық-қанығын білу үшін ақынға хабарласып көрді.

Айнұр Тұрсынбаева күйеуімен ажырасты деген әңгімеге түсініктеме берді

"Жолдасының фотосын әлеуметтік желіге салмағандықтан, сондай ойға келген шығар. Бұрын фотосын салып жүріп, қазір шығармай қойған жоқ. Бұл бастапқыдан Айнұр ханымның ұстанымы. Ал өздері ойдан шығарып, қауесет тарататындардың не көздегенін біз білмейміз. Бұл - олардың құқы, таңдауы", - деді ақынның директоры Нұргүл Алдабергенова.

"Бұл - өтірік. Отбасым орнында", - деп қысқа қайырды Айнұр Тұрсынбаеваның өзі бұл әңгімеге қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, отбасы жайлы көп ашылып сөйлемейтін ақын 2013 жылы "Сырласу" бағдарламасына келіп, бірінші күйеуімен айырылысып кеткенін, қазіргі жолдасымен бақытты ғұмыр кешіп отырғанын айтқан еді.

"Менің ақындық өнеріме ол кісінің берген бағасы өте жоғары. Айтыскер ақын ретінде мені өте қатты бағалайды. Менің айтыстарымды өте қатты сүйіп тыңдайды. Оның бағалауынша менен мықты ақын жоқ. Мен орын алмай қалған айтыс ол үшін әділетсіз айтыс болып саналады. Менің өнерімді соншалықты сүйіп қарайтын адам менің өзіме де жаман қарамайды деп ойлаған болуым керек", - деп қазіргі жарына тоқтала кеткен еді Тұрсынбаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1085341-aynur-tursynbaeva-kuyeuimen-azhyrast/