Айгүл Иманбаева мен Ақбота Керімбекова жартылай жалаңаш киінетін әріптестерін сынап тастады
Жарияланған күні:
Шоу-бизнес өкілдері батыстық әріптестерінен қалыспай, соңғы уақытта "ашық" киінуді сәнге айналдырған. Олардың есімдерін жалпақ жұрт та жақсы біледі деп хабарлайды 31 арна.
Жақында продюсер Баян Есентаева көпшіліктің ашу-ызасын тудырған болатын. Нақтырақ айтсақ, продюсер салтанатты кешке шолақ шалбар (шорты) мен көк кеудеше киіп келген. Осы бір киім үлгісімен көпшілікке ұнамай, сынның астында қалған продюсердің бұл әрекетін оқырмандар "елдің назарын аудару үшін жасаған" деп топшылады.
Сынға Ақбота Керімбекованың еті әбден үйренген. Киім-кешекке аса мән бермеймін дейтін өнер иесі сахнада жүрген жартылай жалаңаш өнер иелерін "дүбәра әншілер" деп кесіп айтты.
"Қазіргі жастардың шығарып алғаны қымбат киіп, 5-6 мың долларға киім тіктіріп, өздерінің не айтып тұрғанын, ол әнші ме, әнші емес екен қазір өзін-өзі біле алмай жүрген дүбәра әншілер көп", - дейді әнші Ақбота Керімбекова.
"Индиго" тобының сылқымдары дауыстары мен қоса киген киімдерімен де мақтана алады.
"Бізде бәрі орынды. Ұзын көйлектеріміз бар, қысқа да көйлектеріміз бар", - дейді "Индиго" тобы.
Дегенмен, баратын орындарына байланысты жас әншілер қысқа әрі тым ашық киімдерді киюге тура келетіндерін жасырмайды.
Әнші әңгіме барысында қазақ шоу-бизнесінің тағы бір сырын жайып салды.
"Жартылай жалаңаш шығады, өзін-өзі сататын әншілер бар бізде көп", - дейді әнші Ақбота Керімбекова.
Кешью тобының экс әншісі Айдана Меденова топтан кеткелі бері, тасы өрге домалады. Отбасын құрып, жеке бизнесін ашты. Жақында ана атанды. Бүгінде, жеке әнші ретінде танылып жүрген Айдана бейнебаян түсіріп тыңдармандарын қуантуда. Әнші келін атанғалы бері қысқа көйлектер мен шалбарлардан бас тартқан.
Ал, бір басына бес-алты мамандықты үйіп-төгіп алған әнші Айгүл Иманбаева әріптестерінің арасынан тым ашық киініп ел назарына түсіп жүрген әншінің есімін атады.
"Лидо ашық киінеді", - дейді әнші Айгүл Иманбаева.
Алайда оған еліктегісі келетінін де жасырмады. Дегенмен, әнші өз елімізде Өзбекстан сынды ашық-шашық киінген өнер иелерін қатаң жазалап, заң қабылдаса қос- қолдап қолдайтынын айтады. Әзірге ол заңның ауылы алыс.
"Жабық, әдемілеп те сол орамалды мың құбылтып тағып, көйлекті де мың құбылтып жабық қылып киіп шығуға болады. Мен мысалға ашық-шашық киініп сахнаға шыққанға зәру емеспін. Құштар болып тұрған мен жоқпын. Әр адам өзінің жасына сай киінуі керек", - дейді әнші Айгүл Иманбаева.
Жақында өзбек әншісі Тамила елімізден пана іздеп келген болатын. Әлеуметтік желіге салған ұятсыз видеодан дау шығып кесірінен, әншілік лицензиясынан айырылып, елінен де қуылған-ды. Сонымен қатар, Юлдуз Усманова, Шахзодамен қатар 11 орындаушыға ескерту жасалған. Өнер иелеріне ашық -шашық киінуге тыйым салынатын заң, елімізде қашан қабылданатыны әзірге белгісіз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1096216-aqbota-kerimbekova-zhartylay-zhalanhash/