Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бір-біріне еліктейтін қазақстандық жұлдыздар (фото, видео)

Опубликовано:

Қазақ эстрадасында өзіндік мәнерімен елдің жүрегін жаулап, назарын баурап алған жұлдыздар бар да, олардың "жетістігін" қайталағысы келіп, еліктейтін әншілер де кездеседі.

Бір-біріне ән айту мәнері мен киіну стилі, қимыл-қозғалысы қатты ұқсайтын жұлдыздарды өзара салыстыра отырып, NUR.KZ назарларыңызға ұсынады.

Қайрат Нұртас - Ернар Айдар - Төреғали Төреәлі

Үш әншіні бір-бірімен салыстыратын жұрт Ернар мен Төреғалидің қимылы, киіну стилін Қайраттың "мақамына" еліктеушілікке балайды. Жас жігіттердің сахналық костюмдері де жиі ұқсап кетеді.

Әнші Ернар Айдар басылымға берген сұхбаттардың бірінде Қайрат Нұртас екеуінің мерекелік кешке бірдей аяқ-киіммен келгенін де айтып қалған еді.

Ал Төреғалидың әкесі Төреәлі жалпақ жұрттан ұлын Қайрат Нұртаспен салыстырмауын өтінген еді, өйткені, продюсердің пікірінше, қос әншінің өнердегі жолы бөлек.

Олжас Абай - Ерболат Құдайбергенов

Шоу-бизнес әлеміне  "Очоу" деген ерекше атымен көзге түскен Олжас Абай стилі жағынан Ерболат Құдайбергеновті еске салады. Тіпті қимыл ұқсастықтарын да байқамай болмас.

Ninety one тобы - "Орда" тобы

Құлағына сырға тағып, ерекше стилді ұстанып ән салған, сол әрекетімен басы дауға қалған "91" тобының жігіттері бір қарағанда, сахналық мәнерімен "Орда" тобына еліктейтін көрінеді.

Десек те, "Орданың" әншісі Ерболат Беделхан Ninety one тобының жетекшісі болғандықтан, продюсер ретінде тәжірибесімен бөлісуі, музыкалық бағыт-бағдар көрсетіп, ортақ қимылдарды жасауы заңдылық секілді.

Cерікболсын Сайлаубек - Дәурен Сейітжанов - Лепс

Ал әнші Серікболсын Сайлаубек пен "О, қала" әнімен танымал Дәурен Сейітжановтың стилі ресейлік жұлдыз Григорий Лепске қатты ұқсайды. Әртістер тіпті көзілдірік киіп, дауыс ырғағын да Лепстікіндей ұзартуға бейім.

Лепске қана тән сахналық образға қазақстандық әртістердің үйір болуы - ресейлік әншінің аса танымалдылығының белгісі болса керек.

Әйтсе де, көзі қырағы көрермен өз басының "ерекшелігі" деп санайтын Серікболсын Сайлаубек пен Дәурен Сейітжановтың ән айту стилін тек еліктеушілік деп түсінеді.

Ал британдық әнші Леди Гага мен отандық әртіс Айжан Нұрмағамбетованың стиліндегі ұқсастықтар кімді болса да таңғалдырары сөзсіз.

Айжан Нұрмағамбетованың әр концертіне тыңғылықты дайындалып, әр образын талғаммен таңдайтынын ескерсек, мұның астарында үлкен еңбек, әртістік ізденіс жатқаны аңғарылады.

Әрі Нұрмағамбетованың шығармашылық жолы шетелдік әріптесінен әлдеқайда ерте басталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1098684-bir-birine-elikteytin-qazaqstandyq-zh/

pixel