Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақбота Керімбекова сол көзіндегі меңіне қатысты жауап берді

Опубликовано:

"Бегімайдың жырымен" тыңдарманға танылған Ақбота Керімбекова бүгінде үш ұл өсіріп, шаңырағын биік ұстап отырған әнші.

Әртістің өміріндегі екі некесі сәтсіз аяқталса да, тағдырдың жазғанына мойымаған Керімбекова Мұхит Сапарбаевтың "Сұхбат" хабарында әлі де тұрмыс құруға ұсыныс жасайтын азаматтардың бар екенін айтты.

"Өз басым әлі отбасылы болуға дайын емеспін. Бірақ, балаларым бақытымды табуыма қарсы емес. Оларға ескертіп қойғанмын. Өмірде өз жартымды тауып жатсам, тұрмысқа шыққанымды ұлдарым да қолдайды", - деді әнші бұл сұраққа.

Хабар барысында Ақбота жұртқа көрсеткісі келмейтін, айтуға әркез оқталмайтын сол көзіндегі меңіне қатысты болған жайтқа пікірін білдірді.

"Сол көзіңізде мең бар. Қателеспесем, моншаға бірге барғанда, Қайрат Нұртастың анасы бетіңізді суретке түсіріп, Instagram желісіне салып жіберді", - деген журналист сауалына әнші тосылып қалмады.

"Бұған намыстанбаймын. Жұрт арасында бір көзі қыли ма, бір көзі ойылған ба деп ойлайтындар бар. Бұл маған берген Алланың сыйы. Гүлзирамен бір ортада жүргендіктен, өзіне барып ештеңе айтқан жоқпын. Қыздар арасында "ондай нәрселерді жиі сала бермейік" деген ескертулер айтылды. Басында қысылып, намыстандым. Қазір қоғамымыздың арзандап кеткені сонша, етіміз үйренді ондай сөзге", - деді әнші.

Әңгіме арасында Керімбекова өнердегі әріптестерінің ұсақталып, қоғамның арзандап кеткенін сынап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1108698-aqbota-kerimbekova-sol-kozindegi-menh/

pixel