Тоқал алғысы келетін эстрада жұлдыздары кімдер?
Жарияланған күні:
Қазақ шоу-бизнесінің өкілдері "Ел аузында" бағдарламасында тоқал алу мәселесі жайында ашығын айтты.
Әртістердің бірі жалғыз әйелімен қартаюды армандаса, енді бірі тоқал алуға тұрмыстық жағдайы келіспей тұрғанын алға тартты.
Әншілер кей әріптестерінің тоқалдары бар екенін қанша меңзесе де, олардың атын атап, түсін түстеп бермеді. Өйткені, ондай жандарды кінәлап, сыртынан сөз өрбіту әбестік деп санайды.
"Біз оларды сөгіп, ол адамдарды кінәлап, әңгіме қылғанымыз дұрыс емес", - дейді Маржан Арапбаева.
Ал белгілі сазгер, әнші Алтынбек Қоразбаев заң шығып, мақұлданбағанша, тоқал мәселесін ашып айтпаған абзал дейді.
Әнші Ақылбек Жеменейдің жұбайы әр нәрсенің жақсы жері, қиын жері болатынын айта отырып, ерін сыйлаған әйелге бәріне шыдауға болатынын жасырмады. Гастрольге көп шығатын жолдасына алғашында ренжіген жұбайы қазірде Ақылбек екеуінің бала-шағасы болғандықтан, еріне сенім білдіреді екен.
Әнші Жеңіс Ысқақова да сүйікті азаматын ешкіммен бөліскісі келмейді. Композитор Қалдыбек Құрманәлінің "Бір өзің бес қатынға татисың" деген сөзінен кейін Жеңіс Ысқақова күйеуіне "бір өзіңде бес қатын бар, тоқалды қайдан аласың?" деп қалжыңдайтын көрінеді.
Ал әртіс Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір жарының тоқал алуына мүлдем қарсы.
Әнші Кәмшат Жолдыбаева да ешкімнің тоқалы болғысы келмейді.
Нұрлан Албан сүйіктісімен бір жастықта қартайып, балалардың қызығын көруді қалайды.
Әнші Еркін Мәуленге тоқал деген сөздің өзі ұнамайды, әртіс екінші әйел деп айтуды қалайды екен.
Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова ұлдарының екінші әйел алуына қарсылығын білдірді.
"Екінші әйел алсаңдар қарсымын, өйткені келіндерімнің жылағанын қаламаймын", - деді Гүлзира Үсенқызы.
Продюсердің жары Нұртас Айдарбеков те жұбайына оны 16 қызға да айырбастамайтынын айтып отырады. Тіпті отағасы жұбы ерте жазылып қалудан қорқып, әйелінің өзінен де ұзақ өмір сүруін тілейді.
Әнші Саят Медеуов екінші әйелмен заңды түрде некелесіп, перзент сүйіп жатса, оны асырап, бар жауапкершілікті толық орындау керектігін алға тартты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1110934-shou-biznes-okilderi-toqal-zhayynda-ashy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.