Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ләйлә Сұлтанқызы тұңғыш кітабын "Менің екінші кітабым" деп атады

Опубликовано:

Жақында ғана танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы оқырмандарды әлеуметтік желіде өзінің екінші кітабының тұсаукесері жайында хабардар етті.

Кітаптың алғашқы таныстырылымы Шымкент қаласында өткен себебін тележүргізуші "Өйткені, туған жерім" деп түсіндірді.

Әйтсе де, кітаптан мүлдем бейхабар көрермен жаңа туындының атауына шүйлікті.

Жанкүйерлер арасында  "Неге "Менің екінші кітабым" деп аталады? Бірінші кітабы бар ма? Ол қашан жарыққа шығып үлгерді?", - деп сұрақ жаудырғандар легі көбейе түсті.

Біз осы сұрақтардың жауабын Ләйлә ханымның өзінен сұрағанды жөн көрдік, деп жазады comode.kz.

"Кітабымның "екінші" болуы жай емес. Ол автобиографиялық туынды болып табылғандықтан, құрамына 12 жасымнан бері жүргізіп келе жатқан жеке күнделігімнің үзінділері кіреді. Әрине, сол күнделігім мен үшін әрқашан да бірінші кітап болып қалады. Сол себептен, жарыққа шығатын кітаптың атауы "Менің екінші кітабым" болғаны дұрыс", - деп түсіндірді автор.

Ләйлә ханымның кітабы қазақ әйелдеріне арналып, бірталай өзекті тақырыптарды қозғайды. Олардың ішінде отбасылы және ажырасқан әйелдерге арналған кеңестер, салмақ тастау, дұрыс тамақтану, өмір қиыншылықтарын жеңе білу секілді пайдалы ақпараттар баяндалады.

Ең бастысы, кітаптағы ақпараттың барлығы автордың басынан өткен қиыншылықтар мен сынақтардың және өмірлік тәжірибесінің негізінде жазылған.

Кітап 3 түрлі мұқабада жарық көреді. Әр оқырман өзіне ұнаған нұсқасын сатып ала алады. Мұқабаның сырты түрлі болғанымен, мазмұны бірдей.

Алматы және Астана қалаларының тұрғындарына арналған тұсаукесер мамыр айына жоспарланып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1111246-layla-sultanqyzy-tunhghysh-kitabyn-meni/

pixel