Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақ эстрадасындағы стилі ерекше "бомба" әншілер (видео)

Опубликовано:

Қазақ эстрадасында "түсініксіз" көрінуден қымсынбайтын, стилі ерекше, өзгелерден бөлек менмұндалап тұратын әртістер бар.

NUR.KZ отандық шоу-бизнес әлемінде тың бағытта өнер көрсететін әртістерді назарларыңызға ұсынады.

Олжас Абайұлы

Көпшілікке Ochoou лақап атымен танымал әнші Олжас Абай қызықты  бейнебаяндарымен тыңдарманын еш жалықтырған емес.

"Бомба" деп аталатын  әншінің ерекше туындысы адамның басқа түскен қиындыққа төзе білсе, көп ұзамай зейнетін көретінін үндейді.

Шахризат Сейдіахмет

Шахризат "Әппағым", "Мақпалжан" сынды қазақ әндерін өз мақамына салып, ел есінде қалды. Әртістің өнерін сынап, дауыс ырғағын ұнатпайтындар да табылады.

Ғалымжан Молданазар

"Синти поп" жанрындағы әндерімен жақсы таныс Ғалымжан Молданазар музыканың мыңнан аса бағыты барын айтады. Тойға шығып, өз құнын түсіргісі келмейтін әртіс халықты фонограммамен алдап жүрген әріптестеріне қынжылады.

"91" тобы

Q-pop стилінде қазақ жастарының заманауи екенін өзгелерге танытпақ болған Ninety one тобы шоу-бизнес әлемінде үлкен сынға ұшырады. Сырға тағып, шашын бояған жігіттердің жаңашылдығы көптен қолдау таппады.

Дастан Оразбеков

"Орда" тобының әншісі Дастан Оразбеков шығармашылық ізденісімен тыңдарманына жаңа дәуірдің өзіндік үнін жеткізгісі келеді. Мұнысы әншінің ән салу мақамынан, би қимылдарынан байқалады.

Мархаба Сәби

Мархаба Сәбидің алаңсыз күй кешіп, әндеткен стилі арқылы адамның музыкаға деген сүйіспеншілігін, көңілін ерекше сезім билеген сәтін дөп жеткізген.

Әли Оқапов

Әли Оқапов -  халықтың санасындағы "қатып қалған" образдарды жаңартып, өнерде өз қолтаңбасын салып жүрген әртістердің бірі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1115215-qazaq-estradasyndaghy-tynh-baghyttaghy/

pixel