Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алтынай Жорабаева неліктен ата-енесімен бірге тұрғысы келмейтінін айтты

Опубликовано:

Елімізге танымал әнші Алтынай Жорабаева өзінің не себепті ата-енесімен бірге тұрғысы келмейтінін айтты. Сөзіне сенсек, ата-енесімен бірге тұрмауына жолдасының бұрынғы жұбайы Айгүл Иманбаеваның қатысы жоқ.

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды деп жазады stan.kz.

Айгүл Иманбаева 18 жасында Сәбит Әбдіхалықовқа тұрмысқа шығып, Асылжан есімді ұлды дүниеге әкелген. Бүгінде сөздері жараспаған қос ғашық тек әріптестер болып қалған. Бұдан кейін Әбдіхалықов Алтынай Жорабаевамен отау құрады. Бүгінде төрт қыз тәрбиелеп отырған Алтынай ата-енесімен бірге тұрмайды екен.

Алтынай журналистің “Ата-енеңізбен бірге тұрмауыңыздың себебі не? Бұған Айгүл Иманбаеваның қандай қатысы бар?” деген сұрағына арада еш кикілжің болмағанын айтып жауап қайырған.

“Енем “Айгүл үйге келіп жатып алып немесе асты-үстіме түскен жоқ” дейді. Оның да өзім сияқты болғанын айтады. Бұл жерде Сәбит екеуінің ара-қатынасы дұрыс болмаған ғой”, – дейді Жорабаева.

Әнші енесімен бірге тұруға кетәрі емес екенін айты. Оның айтуынша, енесінің өздерінің үйреніп қалған жерінен қалаға көшіп келгісі жоқ.

“Біз өнер саласында жүргендіктен, ол кісілер бізге келмейді. Олар өздері тұрып жатқан жерге үйреніп қалған. Ал Шымкентте біз тұра алмаймыз. Бұл шығармашылығымызға кедергі келтіреді. Мұнда ешқандай да қиындық жоқ. Қандай жағдай болмасын түсінісуге болады ғой”, – деп әнші бүгінде тату-тәтті өмір кешіп жатқанын тілге тиек етті.

Тағы да оқи отырыңыз:

Jado Құрманай Бахтиярқызына 2 000 доллардың көйлегін кигізді (фото, видео)

Төреғали Төреәлі Германия қазақтарына концерт қояды

Қайрат Нұртастың әкесі енді актерлікте бағын сынап көрді

Әнші Асхат Тарғынов бірінші әйелінен сүйген қызын өнерге баули бастады

Айнұр Тұрсынбаева енді тележүргізуші атанбақ

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1127987-altynay-zhorabaeva-nelikten-ata-enesi/

pixel