Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жан сақтау бөліміндегі Баян Есентаеваны суретке түсірген адам 7 жылға сотталуы мүмкін

Жарияланған күні:

Жан сақтау бөлімінде жатқан Баян Есентаеванының суретін таратқан адам, егер іс қозғалатын болса, онда 7 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Заңгер Жангелді Сүлейманов Facebook-тегі парақшасына осындай пікір жазды, деп хабарлайды BNews.kz.

Ол Қылмыстық кодекстің бабына сілтеме жасаған. Яғни, ҚР ҚК 147-бабы 5 бөлімі бойынша фото авторына 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесілуі мүмкін екенін көрсеткен.

«Жеке тұлғаның жеке немесе отбасылық құпиясын құрайтын жеке өмірі туралы мәліметтерді оның келісімінсіз, көпшілік алдында, көпшілікке көрсетілетін шығармада, бұқаралық ақпарат құралдарында немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып тарату - жеті жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыру арқылы жазаланады. Аталған мәліметтер қатарына: жеке басы туралы деректер, орналасқан орны, баспанасы, туыстары мен жақындары; жазысқан хаттары, телефон әңгімесі, пошталық, телеграфтық және басқа да хабарламалары; баланы асырап алу құпиясы, банктік салымдары мен есеп-шоттары, өсиетнамасы, адвокаттық және дәрігерлік құпиясы; тәубеге келген сөздері жатады. Жеке өміріне рұқсатсыз қол сұғылған кез-келген азамат зардап шегуші болып табылады. Сондай-ақ денсаулығы туралы, аурухана палатасында, оның үстіне ес-түссіз күйде жатқанда түсірілген фотосуреттер жеке бастың өміріне жатады, – деп жазады Сүлейманов.

Алайда, заңгердің жазбасында айтылғандай, «егер полиция суретке түсіріп, интернетке салып жіберген адамды іздеп тауып, ол өз ісі үшін өкінетінін мойындаса, үш жылға шартты түрде сотталуы мүмкін».

«Біреудің жеке өміріне тұмсығын сұғатындарға бұл сабақ болады», – деп түйіндейді Сүлейманов.

Естеріңізге сала кетейік, белгісіз біреу әлеуметтік желіде жан сақтау бөлімінде жатқан Баян Есентаеваның фотосын таратып жіберді. Апасы Бағым Мұхитдинова бұл жан сақтау бөліміне кіруге рұқсат етілген медбикелердің бірі болуы мүмкін екенін айтуда. Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі болса, мұны жасаған медицина қызметкерлерінің бірі екенін мәлімдеген жоқ. Бірақ қызметтік тексеру жүріп жатқанын айтты.

Тағы да оқыңыздар:

Баян Есентаеваның отбасы туралы не білеміз?

БАҚ: Баян Есентаеваның күйеуі әйеліне қызғаныштан қол жұмсаған

Бақытбек Есентаев әуежайдан әйелін күтіп алуға пышақпен барған

Әйелін өлімші етіп сабаған Баян Есентаеваның күйеуі 7 жылға сотталуы мүмкін

Баян Есентаеваның ауруханадағы суретін таратып жіберген адам іздестіріліп жатыр

Баян Есентаеваның күйеуі кісі өлтіруге оқталды деп айыпталуда

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1158965-zhan-saqtau-bolimindegi-bayan-esentaev/