Айнұр Тұрсынбаеваның кеңесіне құлақ асқан әйел бала көтерген
Жарияланған күні:
Желі қолданушысы Айнұр Тұрсынбаеваның инстаграм желісінде жазылған кеңесіне құлақ асып бала көтерген. Әйел бір қызынан кейін көпке дейін бала көтере алмай жүрген екен.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Ораза басталмас бұрын Айнұр Тұрсынбаева өзінің инстаграм желісіндегі парақшасында қасиетті айға қатысты жазбасын бөліскен-ді. Аталған жазбасында ораза ұстаудың пайдасы туралы айтып, көпшілікті бұл парызын орындауға шақырған. Айтыскердің кеңесіне құлақ асқан желі қолданушылары денсаулықтарының әлдеқайда жақсарғанын айтады. Арасында көп уақыттан бері сәби сүйе алмай жүрген ана жүкті болған.
Айнұр Тұрсынбаеваның көпшілікке көмектескен жазбасы келесідегідей. Оны жазу үшін көп уақыт қолы тимей жүргенін айтады.
“Кешеден берi басым сынып телефонға қарауға шамам келмей қалды. Бүгiн жазбасам кеш болатынын бiлiп қиналсам да жазайын деп отырмын. Достарым, қасиеттi Рамазан айы да келдi, бұйырса бүгiн түнде ауыз бекiтемiз. Жалпы басқаларға қарағанда менiң оқырмандарым өте иманды. 80-90% оқырманым оразаны анық ұстайды. Бұл пост оразаны ұстауға дайын емеспiз деушiлерге, қиналып қалам деп қорқып отырғандарға арналады.
Ең алдымен, ораза ұстап өлiп қалған ешкiм жоқ, керiсiнше барлық ауру астан болады, ал кешке дейiн аш жүруге шыдамыңыз жетпесе, сiз өте әлсiз адамсыз! Менiң бiр танысым дәрiгерлер ешқашан балаң болмайды, ұрықтарың өлiп қалған деген едi, кейiн қызды болды. Себебiн сұрағанымда отыз күн оразада бiр күн демалмай дұға жасадым, ораза бiте салып әйелiм бала көтердi деген болатын. Кiмнiң жүрегi тыныш емес, кiмнiң жұмысы жүрмей жатыр кiм қиналып жүр, кiмнiң отбасында береке болмай тұр?!
Бүгiнгi түннен қалмай ораза ұстасын! Еш дайындықтың керегi жоқ! Мен ораза ұстауға ниет еттiм, Алла барлық қиындықтан құтқар деп дұға жасаса болды! Бұл айдың қасиетiн мен сөзбен түсiндiре алмаймын. Әрбiр минутты пайдаланып қалыңыздар. Алла айтады, бәтеңкеге бау керек болса да менен сұра, мен барлық керегiңдi тауып беремiн, барлық дұғаңды қабыл етемiн дейдi. Ал Рамазан айы барлық дұға қабыл болатын ай достарым. Ал кiмдер оразаны асыға күтiп отыр екен, айта отырыңыздар?” – деп жазады Тұрсынбаева.
Желі қолданушылары айтыскер ақынның осы мазмұндас жазбасын былтыр Рамазан айына бірер күн қалғанда оқығандарын айтады. Сол кезде Тұрсынбаеваның кеңесіне құлақ асып ораза ұстағандардың бірі бала көтеріп, ұл босанған. Ал екінші біреуі дәрігерлер емдей алмаған денсаулығын қалпына келтірген.
“Осы жазбаңызды парақшаңыздан былтыр оқығанмын. Маған дәрігерлер ЭКО-ның көмегіне жүгінуім керектігін айтқан. Қызымнан кейін көп ауырып, қайта-қайта түсік тастадым. Емделмеген жерім жоқ, көтере алмай қалдым. Намаз оқысам да, денсаулығыма байланысты ораза ұстауға қорықтым. Өзіңіз айтқандай ауырып қаламын ба деп ойладым. Себебі, дәрігерлер тыйым салған болатын. Аллам Рамазан айында берген баламды қиналып 7 айлығында босандым. Жаратқан оны аман алып қалды. Қазір үш айлық Имран есімді ұлым бар. Аллаға шүкір! Сізге Алла разы болсын пайдалы әңгімеңіз үшін”, – дейді желі қолданушысы.
“Иә, Айнұр, биыл менің де денсаулығым дұрыс болмай ораза ұстамаймын деп ойладым. Бұл ойым үшін Алла өзі кешірсін. Содан сіздің бауырыңыз Ардаққа айтқан сөзіңізді оқып, бір күн қаза қылып, оразамды бастап кеттім. Енді міне Рамазан айы бітуге аз-ақ қалды. Бір қызығы, денсаулығым дұрысталып қалды. Аяғым қатты ісініп, жүре алмай қалған болатынмын. Қазір ісік толықтай кетті. Тілегіңізді Алла қабыл қылып, ұл туыңыз”, – дейді екінші бір желі қолданушысы.
Көпшіліктің өзінің кеңестерін оқып жүргеніне Тұрсынбаева қуанып қалды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1177254-aynur-tursynbaevanynh-kenhesine-qulaq/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.