Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қыдырәлі Болманов Қарақаттың тоқал алып беремін деп жар салғаны туралы кітап жазып жатыр

Опубликовано:

Үнемі сабырлы, сырт көзге сыр бермейтін әнші Қарақат Әбілдинаның жарына "екінші әйел" алып беремін деп жар салғанын халық таңқалысып қабылдаған еді. Алайда, оған көпшілік сенбеді. Қарақат оны пиар деді. Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Қарақат Әбілдина күйеуіне тоқал алып беремін деп жар салғанының себебін пиар деп атап, ол туралы бірде мерекелік концертте айтамын деді. Ал Қыдырәлінің өзі ол туралы тіпті кітап жазып жатыр деп сырын ашқан-ды.

Бүгінде Қыдырәлі тек әнші ғана емес, мықты продюсер, бірнеше жобаның авторы. Тіпті, кәсіпкер. Продюсер жақында үлкен мерейтойлық концертке дайындалып жатыр.

"АБК тобының 20 жылдығы, "Ұлытау" тобының 15 жылдығы, Қарақаттың он бес жылдығы сахнада", - деп сүйінші сұрады Болманов.

Мерекелік концертін белгілі продюсер бұрын-соңды болмаған шоу қылып өткізбек. Тек шетелдік әртістер қана қолданатын техниканы пайдаланбақ. Оған тіпті, 40-тан астам маман жұмылдырылмақ.

Бір қызығы, жиырма жылдық мерейтойында "АБК" тобының орындауындағы "Бір тамшы жас" әнін Қыдырәлі жас әнші Төреғали Төреәліге орындатпақ. Бұнда қандай сыр бар?

"Төреғали Төреәлі, біздің бір тамшы жас бар ғой, сол әннен бастаған екен ән айтуын, ол видеосы да бар. Тәп-тәтті", - дейді Болманов.

Тағы да оқыңыздар:

Әу бастан өзбек азаматы болған қаны қазақ он шаңырақ Қазақстанды таңдағандарына өкінетіндей күй кешуде

ОҚО-да бір топ түлек гулянканың орнына ауызашар берді

Ақтауда жұрттың көзінше жаға жыртысқан бес әйелді полицейлер ақыры іздеп тапты (видео)

Балқашта оқушы қызды өлтірген танымал әнші ақыры ұзақ мерзімге сотталды

Порошенко Украинаның оңтүстік-шығысындағы дағдарысты шешуде Назарбаевтан көмек сұрады

Назарбаев мемлекет жалға берген үйді сатуға шектеу қоюды ұсынды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1178191-qaraqat-abildina-zharyna-ekinshi-ayel/

pixel