Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бейбіт Қорған Шымкентте шу шығарған Төреғалиды жақтап шықты

Опубликовано:

Әнші Бейбіт Қорған Төреғалиға тиіскен журналист үшін жүйкесі тозғанын айтып, ағынан жарылды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Әнші өз желі парақшасында Төреғали мен журналистердің төңірегінде туындаған дауға қатысты пікір білдірген.

"Ассалаумағалейкум достар! Бүгін Төреғали ініме тиіскен журналистің сөзін естіп, жүйкем тозып, арнайы қас-қылып келіп, оның үстіне журналист өз атын шығарып немесе өздерінің каналдарын елге жария қылып, тіпті елдің арасында үлкен дау шығарып, əншінің абыройын таптауды қашан қоясыңдар, журналист сымақтар? Кезінде маған да арнайы осылай келіп, аузына келгенін сөйлеп тұрып, əнші түгілі кез-келген адамның намысына тиетін сөздерді айтатын журналистер қазір модада! Сондықтан байқайық құрметті əріптестер! Халыққа жинап-терген еңбегімізді жоққа шығаратын журналистерден! Төреғали інім баса бер алға! Өсер елдің баласы бірін-бірі батыр дейді!", - деп жазған әнші.

Бұны оқыған желі қолданушылардың дені әншінің пікірімен келіспейтінін алға тартқан.

"Футболкасындағы сөзге сай емес мүлде. Төбелеріңде Алла бар, сендер кім едіңдер, жер басып тұрып көкірегін кезгені несі? Күні кеше əнші болып атағы шығып еді, шалқая түсті, журналист кыздың айтуы орынды, камераға қарап, дұрыс туру керек, көзілдірікті шешіп, "Сəт" триосына қараңдар, көздері көрмесе де камераның алдында дұрыс тұрады. Бейбітке келер болсам, сізге өкпем жоқ", - деп жазған пікір қалдырушылардың бірі.

Айта кетерлігі, Бейбіт Қорғанның өзі де кезінде басы дауға қалып, журналиспен жанжалдасқан болатын. Атырауға концерт қоюға барған Бейбіт Қорған жергілікті «Ақ жайық» газетінің тілшісі Айнұр Сапарованы әртістер киініп-шешінетін бөлмеге қамап, зәбір көрсеткен. Соққыдан ерні гүп болып ісіп, тізесі жарылған журналист полицияға шағымданған. Бірақ, нәтижесінде тергеу ісі аяқсыз қалған көрінеді.

Еске салсақ, бұған дейін Төреғали Төреәлінің Шымкентте журналистермен сөзге келісіп, шу шығарғанын хабарлаған болатынбыз. Содан кейін әнші өзін ренжіткен журналиске өлең жолдарымен жауап берген.

Тағы оқыңыз:

Төреғали Төреәлі өзін ренжіткен журналиске өлеңмен жауап берді (видео)

Сергей Кулагин Қадір түнінде ақмолалықтарға ауызашар берді (фото)

Бейбіт Ыстыбаевқа Астанадан пәтер мен 25 миллион теңге берілді (фото)

Назарбаев ауыр сырқаттан көз жұмған Салидат Қайырбекованың жақындарына көңіл айтты

Бейбіт Ыстыбаев үшінші мәрте "Қазақстан Барысы" атанды

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова қайтыс болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1178921-beybit-qorghan-toreghaligha-tiisken-zhur/

pixel