Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқтар Серіков әріптестеріне бола сахнадан кетпейтін болды

Опубликовано:

Жуырда отандық бағдарламалардың бірінде Тоқтар Серіков әріптестеріне бола өнерден кетуге шешім қабылдағанын айтқан болатын. Әнші сол сәтте қатты ашынғанын және өнерден ешуақытта кетпейтінін айтты.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Тоқтар мен Бейбіт көптен бері халық алдына шығып өнер көрсетпей жүр. Мұның себебі де бар екен. Бейбіт үш ұлына қарайласа, Тоқтар гитарасын жеке кәсіпке айырбастаған. Алайда әншілердің халыққа көрінбеуінің тағы бір себебі бар. Ол – сырға тағып, шашын бояп, жыртық киім киген әріптестері мен оларды қорғаған аға буынға деген реніші.

"Киелі сахнамызда шашын бояп, құлақтарына сырға салып, аулары салақтаған әншілер қаптап кетті. Солардан жиіркенгеннен кеткім келеді, кетіп барамын. Құлақтарына сырға салатын бауырларым, астағфирулла олар менің бауырларым емес. Бауырларым болмай-ақ қойсын. Бұдан өзге тізесі жыртық киім киетін қарындастарым бар. Соларды көрген кезде сахнадан кеткім келеді. Қазақ сахнасы оларды менсінбеуі керек. Соларды жақтаған аға-апаларыма өкпелімін", – деген болатын Тоқтар Серіков "Айта берсін" бағдарламасына берген сұхбатында.

Осыдан кейін қос ғашық өнерден кетеді деп жұрт шуласты. Тыңдармандары олардың кетпеуін сұрап өтінді. Арасында мұны дұрыс шешім деп бағалағандар да болды. Алайда әншінің өзі сол кезде ашынып айтып қойғанын тілге тиек етіп жатыр. Ол "Бүгін жексенбі" бағдарламасы арқылы халыққа өнерден ешқашан кетпейтінін айтты.

"Сол сөздерді айтқаным да, сол сәтте қатты ашынып кеткенім де рас. Бірақ жұрт тура мағынасында қабылдаған екен. Кетем деген жоқпын, бар болғаны кеткім келеді дедім. Оның өзіндік себебі де бар. Шаштарын түрлі-түсті етіп бояп, құлақтарына сырға тағып, қазақ өнеріне зиян келтіріп жүрген келімсек жастар жүр.

Солардан қатты жиіркеніп өкпе-назымды білдірген едім. Сахнаның қадірі әбден қашты. Бізге бола әңгіме өрбітіп, "Тоқтар мен Бейбіт өнерден кетпеңіздерші" деп ілтипаттарын білдіріп жатқан тыңдармандарымызға көп рахмет. Менде кету деген ой жоқ. Қазақта "Битке өкпелеп, тоныңды отқа жақпа" деген жақсы сөз бар.

Егер әріптестеріме бола сахнадан кетсем, қазақ өнерінде қадір қасиетім қалмайтын шығар. Қазақта ел барда, жұрт барда, Бейбіт екеуіміз өнерді тастамаймыз. Қазақпен бірге қартаямыз. Себебі, әкеміз – өнер, шешеміз – сахна", – дейді Тоқтар Серіков.

Әншінің бұл сөздерін жұбайы да қоштай түсті. Түрлі кәсіппен және бала тәрбиесімен айналысса да, өнерден ешуақытта кетпейтіндерін айтып өтті.

Тағы оқыңыздар:

Қарағандыда келіншек босанғаннан кейін жарты тәулікке жетпей жан тапсырды

Мысырға оқуға кеттім деген ақтөбелік жігіттің Сирияда соғысып жүргені анықталды

Заттыбек Көпбосынұлы дүкенін намазханаға айналдырып, ауылдастарына сыйға берді (фото)

Cаясаттанушы түзеу мекемелерін ҰҚК-нің құзырына беруді ұсынды

Жер комиссиясы екі жарым айда не тындырды?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1202347-toqtar-serikov-men-ashynyp-aytyp-qoydy/

pixel