Тоқтар мен Бейбіттің тұңғышы дүниеге егіздер келетінін бірнеше жыл бұрын ескерткен
Жарияланған күні:
Тоқтар мен Бейбіт ағымдағы жылдың сәуір айында егіз ұлдарының тұсауын кестіріп, қуаныштарын дүркіретіп атап өткен болатын. Әншілер егіздерін үлкен ұлдары Беколжастың ерекше жақсы көретінін айтып берді.
Тіпті Беколжас отбасында егіз баланың дүниеге келетінін бірнеше жыл бұрын айтқан деп хабарлайды Stan.kz.
Күні кеше Тоқтар мен Бейбіт "Бүгін жексенбі" бағдарламасында қонақта болды. Аталған бағдарламады соңғы жаңалықтарын бөлісіп, өмірлеріндегі ерекше сәттері туралы айтып берді. Солардың бірі – үлкен ұлдары Беколжастың егіз інілерінің дүниеге келетінін алдын ала болжауы екен.
Алдымен, Бейбіт бала тәрбиесі туралы айтып өтті. Әншінің айтуынша, қайын сіңілдері мен інілері үнемі көмектесіп отырады екен. Мұнымен қатар, сәбилерге қарайтын үй күтушілері де бар екен.
"Шынымды айтсам, өмірімде ешқашан егіз бала дүниеге алып келемін деп ойламаппын. Барлығы күтпеген жерден болды. Үй шаруасымен айналысып, бала тәрбиелеп, сахнада ән салуымды Жаратқанның баға жетпес сыйы деп білемін. Алла "Пысық әйелдің бір қолын, жалқау әйелдің екі қолын байлаймын" дейді екен ғой. Құдайға шүкір, қасымда қайын сіңілдерім мен інілерім бар. Кішкене балапандарыма қарайтын күтушілерім де бар. Сондықтан бала тәрбиесінде еш қиналып жатқаным жоқ. Адамның пейілі мен ниеті дұрыс болса, Жаратқан соған сай нығметін де аямайды екен", – дейді Бейбіт Сейдауалиева.
Журналистің "Беколжас інілерін қалай қабылдады? Қызғанған жоқ па?" деген сұрағына әнші тұңғыштарының ерекше бала екенін айтып жауап берді. Ал Тоқтар Серіков осыдан бірнеше жыл бұрын болған оқиғаны еске алды.
"Беколжастың төрт жасында балабақша тәрбиеші өздері қалаған суреттерін салуға тапсырма беріпті. Әркім өзіне лайығын салған көрінеді. Сонда ұлымыз біздің отбасымыздың суретін салыпты. Артынша суретті үйге алып келді. Суретте мен, Бейбіт, өзі және екі ұл бала тұр. Маған мұрт-сақалды келістіріп салып қойыпты. Өзінің арманы шығар. Қисық-қисық болса да, ерекше сурет болды. Сонда әлгі суреттегі кейіпкерлерді таныстырып отырып "Әке, мынау сіз, ал мынау анашым. Мына тұрған мен, ал бұл екеуі менің болашақ егіз інілерім" дейді. Яғни бұл оның тілеуімен, сұрауымен дүниеге келген балалар. Сондықтан оларды бізден гөрі қатты жақсы көреді десем артық айтпаймын", – дейді Тоқтар Серіков.
Бүгінде Бейбіт Сейдуалиева бала тәрбиесімен айналысса, Тоқтар Серіков бірнеше кәсіпті қолға алған.
Тағы оқыңыздар:
Із-түссіз жоғалған Сафар Шәкеевтің денесі Есентай өзенінен табылды (фото)
Сафар Шәкеевтің мәйітін Есентай өзенінен қалай шығарды? (фото)
Өзен ағысы Сафар Шәкеевтің мүрдесін табуға кедергі келтірген
Лондон мэрінің Шымкент әкіміне жазған хатын желі қолданушылары күлкіге айналдырды (фото)
Алматыдағы қонақ үйлердің бірінен жеңіл жүрісті он қыз ұсталды (фото)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1204221-toqtar-men-beybittinh-tunhghyshy-duniege/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.