Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақтың тойы арқылы аты шыққан әншілер кімдер?

Опубликовано:

Қазақ тойы көптеген әншілерді асырап отырғаны жасырын емес. Жұлдыздардың негізгі табысы осы тойдан түседі.

Үлкен өнерге оқу оқып, әншілік өнердің жілігін шағып, майын ішіп, кәнігі майталмандардан рұқсат алып емес, тойдан бата алып келгендер қазақ эстарадасында жетіп артылады. Той арқылы бағы жанған әншілер топтамасын NUR.KZ арнайы даярлады.

Заттыбек Көпбосынұлы

Үлкен сахнаға 2007 жылы шыға бастаған. Бұған дейін кішігірім той-томалақтарда ән айтып жүріп, Шымкент музыка мектебінде ұстаздық қызмет атқарған. «Немереме» және «Ақмаржан» әндері оны халық алдына алып келді.

Ернар Айдар

Мамандығы - заңгер. Ең алғашқы әні әкесінің мерейтойына арналып жазылған. Қазіргі таңда 90-ға жуық әні бар. Олардың дені той-томалақтарда айтылады. Ернар Айдар осы уақытқа дейін бірнеше жеке концертін беріп үлгерген. Қазір оның «Ғашықпын» әні де тойларға көрік беріп жүр.

Абай Бегей

Абай Бегейдің «Аспанға қараймын» әні нағыз хитке айналған Абай Бегейдің бағы да той арқылы жанғаны жалпақ жұртқа белгілі. Одан кейін оның «Үрбибі», «Тағы тағы» деген әндері де тойлардың сәні болды.

Серікбол Сайлаубек

2015 жылы шыққан, «Ой жеңге» әні ауыл жеңгелерінің мерейін «үстем» етіп, бүкіл қарапайым қазақ тойларында әлі күнге дейін айтылып келеді. Серікбол Сайлаубек өзі де кішігірім той-томалақтардан қалмайды. Сонымен бірге ол өткен жылы Қазақстанның ауыл-ауылына барып он екі тегін концерт берген.

Асхат Тарғынов

Барша қазақ бөбектері бұдан бір-екі жыл бұрын «Мария Магдалена» деп әндетті. Бұл сол кезде қалың елге әлі таныла қоймаған Асхат Тарғыновтың әні еді. Ән қазақ тойларында сәнге айналып, оны еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін тыңдайтын болды. Оның кезекті «Натали» әні де танымалдылыққа қарай қарқын алып келеді.

Тағы да оқыңыздар: 

Бір айлығында америкалықтар асырап алған қазақ жігіті елге оралуды армандап жүр

Ауылға әкесінің атын беріп, мешіт салдырған Зауытбек Тұрысбеков туралы не білеміз? (фото)

Қазақ боксшыларының Олимпиададағы алғашқы қарсыластары анықталды

Аиша күйеуі Бүркіт сыйлаған гаухар жүзігін көрсетіп мақтанды (фото)

Күйеуі соққыға жыққан Баян Есентаева түрін ешкімге көрсетпей жүр (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1211462-qazaqtynh-toyy-arqyly-aty-shyqqan-anshil/

pixel