Жанар Дұғалованың анасы қызының күйзеліске ұшырағанын айтып, жылап қалды
Жарияланған күні:
«Астана» телеарнасындағы «Аналар» атты бағдарламаның кезекті санында Жанар Дұғалованың анасы әншінің бала күнінде жан күйзелісіне ұшырағанын айтып, көзіне жас алды деп хабарлайды NUR.KZ.
Халыққа танымал жұлдыздардың аналары жайында түсірілетін жобаға осы жолы Жанар Дұғалованың анасы қатысты. Бастапқыда бағдарламаға қатысудан бас тартқан Рая Оразымбетова өзінің естеліктерін бөлісті.
Әншінің анасы Жанардың кішкене күнінде «жыбырлақ» және «бір орнында» отырмайтын пысық қыз болғанын айтады. Сонымен бірге, ол әкесінің жұмыс бабымен Эстонияда тұрғанда бірнеше мәрте жоғалып кеткенін де жеткізді. Мәселен, Жанарды шанаға салып таситын ата-анасы, бір күні оның шанадан түсіп қалғанын көріп, зәре-құтылары қалмаған. Артқа қайтқан олар, біраз жүрген соң, оның сайға құлап түскенін көрген. Жанардың анасының айтуынша, мұндай қызық оқиғалар Жанардың өмірінде көп болған. Дегенмен, әншінің анасы көзіне жас алып, Жанарды ойлағаннан «түн ұйқысын төрт бөлген» шақтарының да аз болмағанын айтты.
«Мен кішкене көңілшектеу адаммын. Адам оңайлықпен қартая ма? Қиын шақтар болды. Он төрт жасында «Жас қанатқа» шықты. Сол кезде белгілі болды. Одан кейін төрт-бес жылға Мәскеуге оқуға кетті. Одан қайтып келгенде заман өзгерді. Әлде зорығып кетті ме, мына жаққа келіп климат жақпады ма, әйтеуір психологиялық тұрғыдан кішкене ауырды», - деді ол.
Қыздарын құлазудан шығару үшін ата-анасы аянып қалмай, оны емдеп шығару үшін бәрін жасаған.
«Ұйықтамадым. Өйткені қай кезде барсам да, демалып жатқан кезде бөлмесіне барсам ұйықтамай жататын, бұрышта отырып, мазасызданатын», - деп жұлдыздың анасы қызының қатты ауырғанын айтып, көзіне жас алды.
Сондай-ақ, Рая Оразымбетова Жанардың кішкене күнінде кешкі асқа тамақ жасаймын деп жарты қап картопты аршып қойғанын да айтып, бір күлдірді.
«Әлі күнге дейін тамақты қатырып дайындамайды. Бір күні пысықсынып, мен жұмыста жүрсем, телевидениеде істеймін, содан звондап, бүгін ертерек келдім, картоп жейікші, сен келгенше бәрін жақсылап дайындап қоямын деді. Келсем, қызымның бет-аузы айғыз-айғыз, қап-қара, қолының бәрі күйе-күйе. Үйде жарты қап картоп тұрған соның бәрін аршып қойыпты», - деді Дұғалованың анасы.
Сонымен бірге, Жанар Дұғалованың белгілі ақын Иран-Ғайып Оразбаевтың жиені екені де бағдарлама барысында айтылды.
Тағы оқыңыздар:
Алматыда сегіз баласымен киіз үйді паналаған анаға ауылдастары үй салып беріп жатыр
Белсенді Асқар Мырзахметовті ірі жер иеленушілерінің есімдерін әдейі жасырып отыр деп айыптады
Айдос Сарым да Нидің үстінен қылмыстық іс қозғауды ұсынды
ШҚО-да 100 мың гектарға жуық жердің қытаймен бірлескен компанияларға берілгені анықталды
Қазақстан қоржынына алғашқы медальді салған Галбадрах туралы қызықты деректер
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1214864-zhanar-dughalovanynh-anasy-qyzynynh-qatt/