Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белгілі журналист «қарындас» сөзін оңды-солды қолданатын әншілерді сөкті

Опубликовано:

Белгілі журналист, ақын Ұларбек Нұрғалымұлы әншілерден ғашық болып, құмартқан қыздарға «қарындас» деп ән арнауды доғаруды талап етті, деп хабарлайды NUR.KZ.

Журналистің айтуынша, «қисынсыз тіркестер мен оғаш одағайларға бой үйренгені соншалық», қазіргі кезде оған қатысты айтылар сын да азайып кеткен. Ол өзінің «Әдебиет порталына» жазған «Әдепсіз ән мәтіндеріне "әй" дейтін қазақ қалмаған ба?!» деп аталатын мақаласында «қарындас» сөзінің оңды-солды, орынсыз қолданысына наразылығын білдірді.

«Барлықтарыңызға белгілі, қазақта ұлдан кейінгі туылған қыз сол ұл балаға қарындас болып есептеледі. Әрине бір әкеден. Былайша түсіндірсек тіпті ұғынықты болар. Бір ауылдан шыққан адамдарды ауылдас, бір сыныпта оқығандарды сыныптас дегеніміз секілді, бір құрсақтан, яғни бір қарыннан шыққан адамды қарындас демей не десін!», - деп, ол бұл сөздің шығу төркініне тоқталып өтті.

Оның айтуынша, қарындас сөзі тура мағынасында да, ауыспалы – бірге туған туысқан деген мағынада да туыстық қатынасты білдіретін сөз. Сондықтан, қазіргі әншілердің әнінің мәтінінде қолданылып жүрген «қарындас» сөзін алмастыру қажет. Себебі, қарындасқа көз салып, қырындау – үлкен ерсілік.

«Қазақтың туыстық қатынас жүйесінде мыңдаған жылдардан бері солай. Сондықтан қазақы санада "қарындас" сөзінің қадірі ерекше. Баяғы қазақ жігіттерінің қарындас алдындағы міндетін қараңыз, "ауру - астан, дау - қарындастан" - дейді. Бұл бірге туғанына деген жанашырлық пен оның намысы үшін неден болса да аянбай дауға түсуге бар екендігін көрсетеді», - деп жазады ол.

Ақын «қарындас» сөзінің түпкі мағынасын ажырап қалуы – «бүгінгі ұлттық болмыстың ауыр халі» екенін ашына жеткізді. Сондықтан «әуелде өзімен бірге тумаса да жасы кіші қыздарды өзінің туған қарындасына балап ағалық сипатта "қарындас" деп айтудан басталған» үрдіс бойынша қазіргі жігіттер де "оу, қарындас" деп қылжақтайды деді ол.

Қайрат Нұртас орындайтын "Әдемісің, қарындас", "Ех, қарындас" әндері, Жанболат Бектұрғанов. "Тоқта, қарындас" әні, Балғын Қайырбекұлы "Сұлу қарындас" әндерін, сонымен бірге әзілкеш Нұржан Төлендиевтің "қарындасты" сахнаға шақырғанын да мысалған келтіре кеткен.

Сондықтан, бұл сорақылықты тоқтату үшін Ұларбек Нұрғалымұлы «қарындас» сөзін «құдаша» сөзімен алмастыруды сұрап отыр. Себебі, «ғашық болған, құмартқан қызға (қалқатайға, құдашаға) айтар сөз бөлек те, қарындасқа айтар сөз бөлек» дейді ақын.

«Ғашық болғанда айтылатын сөзді "қарындасқа" деп айтып шатасқан әншілер ол әндерді бұдан былай айтар, иә айтпас. Оны өздерінің ақылына, арына салдық. Бұл әншілерге ғана емес, қыздарға "қарындас" деп қалжыңдауға ғадеттеніп кеткен барлық азаматтарға арналады. Ағалық көзбен аялап айтылған болса, оған сөз жоқ!», - деп сөзін қорытындылады журналист.

Тағы оқыңыздар:

Ақтауда алты жасар қызды зорлаған болуы мүмкін ер адамның видеосы жарияланды (видео)

Арыстанбек Мұхамедиұлы Левитке алтын медаль жасау үшін ақша аударғанын айтып мақтанды

ОҚО тұрғыны 250 мың долларды Олимпиада чемпиондарына емес, көпбалалы аналарға беруді ұсынды

Дариға Назарбаева оңтүстікте бала санының тым көбейіп кеткеніне алаңдады (фото)

Назарбаев Түркияда болған терактіге байланысты Ердоғанға көңіл айтты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1229569-tanymal-zhurnalist-qaryndas-sozini/

pixel