Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сәуле Әбединова: Тағы қайталап айтамын, Қыдырәлінің бірінші әйелі мен емес

Жарияланған күні:

Белгілі тележүргізуші Сәуле Әбединова өзін «Қыдырәлінің бірінші әйелі» деп жүргендерге жауап берді. Бұл туралы Аkjunis.kz порталына сілтеме жасап NUR.KZ  хабарлайды.

Сәуле Әбединованың айтуынша, ол Қыдырәлінің бірінші әйелі емес және оның Рүстем Көпбаев есімді «жар дегенде жалғыз жары болған». Балаларының әкесі де осы кісі екенін ашып айтты жүргізуші.

«Әңгіме өзім туралы болғандықтан, жауап беруім жөн деп шештім. Бұл туралы «Әйел бақытында» да сұрадыңыздар, бұл сөздің өсек екенін «публично, ресми» мәлімдеген болатынмын. Тағы қайталап айтамын — Қыдырәлінің бірінші әйелі мен емес. Менің жар дегенде жалғыз күйеуім болған — балаларымның әкесі Рүстем Көпбаев деген жігіт. Рая Мұхамедьярованың бір сөзі бар: «Бізді алла табыстырды, адамдар ажырастырды» деген. Мен балаларымның әкесін ессіз сүйгенімді айта аламын…», - деп жазды ол.

Сондай-ақ, жүргізуші бұл өсектің кім таратқанын да айтып берді.

«Ал «Сәуле Қыдырдың бірінші әйелі» деген өсекті менің күйеуіме ғашық болған Бибка деген әйел сонау 90-шы жылдары таратқан еді… Так что, бұл өсекке құлағым үйренген, етім де өліп кеткен… Тіпті, мені Нұрлан Өнербаевпен де, Ғалым Доскенмен де, тіпті, Асанәлі Әшімовпен де қосақтаған өсектерді естігенмін, бірақ ол сөздер - ақталып, жауап беруге тұрмайтын, құлаққа ілуге, назар аударуға тұрмайтын сөздер деп есептедім. Бірақ бүгін бір «отпор» бермесем болмас деп шештім, өйткені бұл мәселе сендерге соншалықты қызық сияқты ғой…», - деді ол оқырмандарына.

Сонымен бірге, ол Қыдырәліні дарынды продюсер, жақсы музыкант болғандығы үшін сыйлайтынын айтты.

«Егер Қыдыр екеуімізге қатысты өсек қатты толғандырса, менің кітабым жарыққа шыққанда, оқып аласыздар…», - деп жазды ол.

Естеріңізге салсақ, осыдан біраз күн бұрын Қыдырәлі желідегі парақшасына Қарақатпен шаңырақ көтерген күніне арнап жазған жазба қалдырған болатын. Бұл жазбаның астына желі қолданушылары ел арасында кеңінен таралып кеткен «бірінші отбасы болған және бірінші жұбайы белгілі жүргізуші Сәуле Әбединова екен» деген қауесет сөздерге продюсердің жауап беруін талап еткен.

Қыдырәлі Болманов бұған ашулы екенін жасырмай, әңгімелердің шындыққа жанаспайтынын айтып салған болатын.

Тағы оқыңыздар:

Ақтауда алты жасар қызды зорлаған күдікті ұсталды

ОҚО әкімінің орынбасары моңғол спортшысының есімін әрең оқып берді

Жазира Жаппарқұлға бейтаныс жанкүйері ақ боз ат мінгізді (фото, видео)

Ақтөбеде тұрмысқа шыққанына бір ай болған жас келін ұшты-күйлі жоғалып кетті (фото)

Отандық жұлдыздардың хан сарайындай зәулім үйлері

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1230546-saule-abedinova-taghy-qaytalap-aytamy/