Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отбасы үшін өнерін құрбан еткен жұлдыздар

Опубликовано:

Отбасы да, өнер де бір-бірінен кем түспейтін үлкен құндылықтар. Екеуін қатар алып жүру - тек өз мақсатын айқын білетін, алып күш-қуат иесіне тән нәрсе. Әсіресе, әйел адам мұндай сынақты көтере алмай жатады. Бүгін NUR.KZ өнер мен отбасын қатар қойғанда, отбасына басымдық берген жұлдыздар жайында әңгіме қозғамақ.

Ұлту Қабаева

Танымал әнші Рамазан Стамғазиевтің жары - Ұлту Қабаева да әнші. Бірақ, ол өнерін ысырып қойып, бар жанын бала бағуға салды. Бүкіл жастық шағы бала бағумен өткен әнші бұл құрбандығының өтеуі - отбасының бақыты деп біледі. Жуырда, Ұлту мен Рамазан қызын ұзатты. Оның сахнаға шықпай кетуінің себебі Рамазан Стамғазиевтің қаталдығында екенін айтқан бірде әнші. Оның айтуынша, Рамазан оған сахнаға шығуға рұқсат бермеген.

Гаухар Қаспақова

Кезінде Гаухар Қаспақова өте танымал болды. Ол қазақ эстрадасында алғаш рет стилін өзгертіп, шашын сары түске бояп халық алдына шыққан. Бірақ уақыт өте келе ол сахнадан көрінбей кетті. Кейіннен, ол "Жұлдыздар отбасы" журналына сұхбат беріп, өзінің бір кісінің екінші әйелі болып тұрмысқа шыққанын және кейіннен ажырасып кеткенін айтты. Ол отбасын өнерінен артық қойып, екі баласын тәрбиелеуге үлкен мән беріп жүр.

Бейбіт Сейдуалиева

Жұлдызды жұп Бейбіт пен Тоқтардың отбасы кейінгі кезде сахнадан мүлдем көрінбей кетті. Кейіннен екеуі дуэт болып ән айтып, ақырындап ел алдына қайта шыға бастады. Тоқтар кәсіпкерлікпен айналысып, ал Бейбіт болса намазға жығылып, үлгілі отанасына айналды. Бүгінде олардың үш ұлы бар. Үлкені Беколжас мектепте оқиды.

Зарина Омарова

Зарина Омарова да өзінің өнерін кейінге ысырып қойды. Бірінші орынға ол отбасын әкелді. Әлбетте, ана болу - Жаратқанның үлкен сыйы екенін әнші жақсы түсінген. Дегенмен, ол бұл үшін үлкен "өтемақы" алып отыр. Оның жұбайы оған жақында ғана құны 80 мың доллар тұратын су жаңа көлік алып беріп, жарының жанын жадыратып қойды.

Тахмина Әшімбекова

Тұрмысқа кештетіп шыққан Тахмина жуырда, 36 жасқа келіп қыз босанып, дүйім жұртты бір қуантып тастаған еді. Бұл оның екінші рет ана атануы. Тахминаның нәзік даусын әжелер сағынып жүрсе, кейінгі буын ұрпақ үшін оның есімі көп танымал емес. Дегенмен, ол өнеріне қайтып оралатын секілді. Себебі, бұдан бір жыл бұрын ол жаңа әнін жарыққа шығарды. "Жарымды әйтіп-бүйтіп жүріп көндірдім", - деді ол бір сұхбатында.

Сандуғаш Стамғазиева

Бүгінде Сандуғаш екі баланың анасы. Көпке дейін тұрмысқа шықпай жүрген қыз өзінің ұстазы Алтынбек Қоразбаевтың екінші әйелі болуға келісімін береді. Арадағы жас аралығы, екінші әйел ретінде Сандуғаштың таңдауы - мұның барлығы жұрт арасында көп әңгіме тудырғанмен, ол тағдырдың бұйырған мұндай үлесіне риза екенін талай айтқан. Дегенмен, оның тыңдармандары да Сандуғаштың салған әндерін сағынып жүргендей. Себебі, аға буын өкілдері Сандуғашты жақсы таниды.

Лана

Скрипкашы қыз тұрмысқа шыққан соң, сахнадан мүлдем алыстап кеткендей. Ол бүгінде Мәскеуде, өзінің жазушы, психолог жұбайымен бірге өмір сүрып жатыр. Оның бар ынтасы ендігі кезекте оның төрт жасар ұлы Григорийде. Өнерге қайта келе ме, скрипканың құдіреті оны жібере - бұл тағдырдың еншісіндегі дүние.

Динара Қырықбаева

Кішкентайынан ән салып, дүйім танылған Динара бүгін сахнада да, теледидарда да жоқ. Оның орнын басқа жас әншілер, жас дарындар басқан. Әнші қыз бүгінде ана атанып, бар ойы балада.  Ол сүйкімді қызының суретін Instagram парақшасына салып, елге көрсетіп жүр. Оның да сахнаға қайтып келу-келмеуі шешілмеген секілді. Әзірге, ол бала мен ана мәселесіне көп көңіл бөліп, өзі секілді жас аналармен тәжірибесімен бөлісіп жүр.

Алтынай Жорабаева

Төрт қыздың анасы Алтынай кезінде басына орамал, үстіне хиджаб киіп өнерін мүлдем тастап кеткен еді. Төрт қыздың анасы атанған Алтынай елді сүйсіндірген өнерімен отбасы үшін қош айтысқан еді. Дегенмен, бүгінде Алтынай сахнаға қайта шыға бастады. Бірақ ендігі жерде ол бұрынғыдай хиджабқа оранып жүрген жоқ. Ел арасында жүрген Сәбит пен Алтынайдың ажырасқаны туралы әңгіме рас па, өтірік пе - ол да белгісіз. Дегенмен, жақын арада бұл күрмеулі мәселенің түйіні шешіледі деген үміт те жоқ емес.

Тағы оқыңыздар:

Қарағандылық азамат итке бола Ресей тұрғынын өлтіріп тастады

Ақтөбеде бұрынғы полицей жол апатын жасап, бір адам қайтыс болды

Алматыда ірі жол апаты болып, бірнеше көлік соқтығысып қалды (фото, видео)

Эстония президентінің күйеуі төрт баласын бағып, жұмыссыз отырмақ

Жамбыл облысында жүкті келіншекті пойыз қағып кетті

Оңтүстікте күтпеген жерден қар жауып, ауа-райы күрт бұзылып кетті

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1255040-otbasy-ushin-onerin-qurban-etken-zhuldy/

pixel