Гүлмира Ақүрпекованың күйеуін өз құдашасы тартып алған
Жарияланған күні:
Қазақ эстрадасындағы танымал әншілердің бірі Гүлмира Ақұрпекова бұған дейін ешкімге айтпаған сырын жайып салып, күйеуін жақын құдашасы тартып алғанын мойындады деп хабарлайды NUR.KZ.
Бұл туралы Астана арнасының "Ел аузында" бағдарламасында айтылды.
20 жыл бұрын шаңырағы шайқалған әншіні күйеуі алты айлық баласымен тастап кеткен. Осыған дейін жеке өмірі туралы тіс жармаған әнші бұл жолы ашығын айтуға бел буған.
"Қазақта сөз бар ғой "Арасынан ала мысық өтіп кетті" деген. Міне, біздің арамыздан да ала мысық өтті. Жолдасым бір қызды жақсы көріп қалды ма, әйтеуір. Тәрбиеге де көп байланысты ғой", - деп ағынан жарылды әнші.
Оның айтуынша, жұбайлардың шаңырағын шайқалтқан қайсыбір танымайтын қыз емес, отбасының жақын құдашасы екен.
«Қазір, әрине, күліп айтам. Сол кезде еңіреп жылаған болатынмын. Арамызға жақсы таныс құдашамыз түсті. "Жау алыстан келмейді" екен ғой. Құдаша деп қарап жүрсек, құдашамыз күйеуімді айландырып алып кетті», - деп есіне алды Гүлмира Ақұрпекова.
Әншінің айтуынша, бүгінде оның жары құдашасымен де бірге емес, олар әлдеқашан ажырасып кеткен. "Менен тартып алған бақ оларға да қонбады",- дейді әнші.
Әншінің басы бүгінде әлі де бос. Ол енді ешкіммен көңіл жарастырғысы келмейтінін айтады. Оның айтуынша, ендігі бақыты әкесі алты айлығында тастап кеткен қызына байланысты болмақ.
Тағы да оқыңыздар:
Өскеменде даун синдромына шалдыққан жігіт табылмай жатыр
Ашық-шашық киінетін отандық әнші хиджаб киіп, мұсылмандық қабылдады
Өзбек қақпашысы соққан гол футбол жанкүйерлерін тамсандырды (видео)
Қазақстан мен Украина арасында ұшаққа қатысты дау шықты
Айнұр Тұрсынбаеваның сөйлесу мәнерін зардап шегуші тарап ұнатпай қалды
Рудный тұрғыны үйлену тойын жасау үшін банк тонамақ болған
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1264522-gulmira-aqurpekovanynh-kuyeuin-zhaqyn/