Қайрат Нұртастың он жыл бойы жасырып келген жан жары кім? (фото)
Жарияланған күні:
Жуырда Қайрат өзінің жаңа кинотуынды түсіріп жатқанын және онда өзінің жылдар бойы сақтаған жан құпиясын ашып беремін деп уәде еткен. Алайда, NUR.KZ фильмнің шығуын күтпей-ақ, көптің көкейіндегі сұраққа жауап іздеуге тырысты.
Сонымен, Қайрат Нұртастың жары кім?
Отандық шоу-бизнесте өз отбасын жасыру үрдісін алғаш болып қолға алғандардың бірі Қайрат Нұртас екені белгілі.
Қайрат жары, балалары туралы әңгімеге ат басын бұрмай келе жатқанына да көп болды.
Оның анасы Гүлзира да бұл сұрақтың нақты жауабын беруден қашып, жақ ашпай келеді.
Дегенмен, желіде оның жары Жұлдыз Әбдукәрімованың парақшасы табылды.
Онда Қайрат Нұртастың отбасы жайлы сыр шертетін фотосуреттер өріп жүр.
Парақшадан Қайраттың екі ұлы, екі қызы бары айтылған.
Оның бір ұлы мен екі қызының суреттері бар.
Қайраттың жары түрлі кештерде, басқосуларда, шетелдердегі демалыстарда түскен суреттерін жариялаған.
Бірге түскен суреттеріне қарап, желі қолданушылары олардың отбасын берік отбасы деп атаған.
Жұлдыз түрлі фототүсірілімдерге түсіп, суреттерін жүктеген.
Қайраттың анасы мен әкесімен бірге жүргенде Жұлдыз ұзын көйлек киіп жүретінін байқауға болады.
Дегенмен, оның сұлулығы мен әсем мүсінін жалпақ жұртқа паш ететін суреттері де жоқ емес.
Тағы да оқыңыздар:
Алматыда із-түзсіз жоғалып кеткен оқушы қыз құрбысының үйінен табылды
Көңілді кештердің көркі болатын Ахметжан Есімовтің қыздары (фото)
БҚО-да келіншек өзін өлтіруге тапсырыс берген көңілдес әкімді босатуды сұрады
Мадонна Хиллари Клинтонға дауыс бергендерге естен кетпес секс сыйламақшы
Мәдина өз концертінде құрбысының күйеуіне алғыс айтты
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1290791-qayrat-nurtastynh-zhyl-boyy-zhasyryp-k/