Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талай қыздың арманы болған Мейрамбек Беспаев қамал алар 40 жасқа келді

Жарияланған күні:

Танымал әнші Мейрамбек Беспаев бүгін қырықтың қырқасына келді. Саған түнгі он екіден аса сала, оның желідегі оқырмандары құттықтауларын жаудыра бастады. Бұл мерейтойға орай, NUR.KZ порталы Мейрамбек Беспаев балалық шағынан қазіргі дейінгі өмір жолын назарға ұсынбақ.

Мейрамбек Беспаев халық алдына кішкене кезінен шыға бастады. Кішкене дарынды баланың ерекше қабілетін байқап қалған Алтынбек Қоразбаев оның өнер жолына түсуіне бірден бір ықпал етті.

"Бозторғай" деп ән салған қарадомалақты қазақ халқы төбесіне көтеріп қарсы алды. Балалық шағынан басталған мұндай қошемет әлі күнге дейін толастар емес. Қазақтың қоңыр үні Мейрамбекті бүгінде танымайтын қазақ жоқ.

Алтынбек Қоразбаев көзін ашқан бұлақ уақыт өте келе жойқын өзенге айналды.

Осы жылдары ол сахнаға шығып, түрлі әндер айтып, тіпті "Алғашқы" махаббат" атты фильмге де түсіп үлгерді

"Бозторғай", "Сырғалым", "Алғашқы махаббат" сынды сол дәуірдегі хит әндерді Мейрамбектің, Мейрамбектің бұл әндердің даңқын асырды.

Дарыны, білімі, адамгершілігі қосылып, Мейрамбекті үлкен белеске бір-ақ шығарды.

2000 жылдың басында Мейрамбек Сандуғаш Стамғазиева, Жанар Айжанова, Тоқтар Серіковтермен дуэт болып ән салды.

Сарапшылар өліара кезең деп атайтын 2000 жылдың басында Мейрамбекті халық қатты жақсы көрді.

2001 жылы халық алдына Мейрамбек жаңа кейіпте шықты. Ол трионың құрамына кіріп, "МузАрт" тобы өнерге келді.

"МузАрт" тобының құрылуы да өнерде үлкен жаңалық болды. Қайда барса да, құрметке бөленетін топ жақсы әндер жазып, қыздар жағы Мейрамбекке ғашық бола бастады.

Дегенмен, әншінің өмірінде оның денсаулығына байланысты қиындықтар орын алды. 2007-2008 жылдары халық арасында Мейрамбек ауыр дертке шалдыққан деген сыбыс пайды болды.

Оның сахнадан көрінбей кетуі бұл сыбыстың растығын одан сайын дәлелдей түсті.

Араға уақыт салып, сахнаға қайта шыққан Мейрамбекті көріп, халық танымай қалды. Талай қыздың арманына айналған Мейрамбек күннен күнге солып бара жатқандай әсер берді.

Өзінің ауыр дертке шалдығып, кейіннен аман қалғанын Мейрамбектің өзі де жасырған жоқ.

Отандық телеарналардың біріне берген сұхбатта ол өзінің шынымен бір бір ауырып тұрғанын айтты.

Халық арасында Мейрамбекке сөз тиіпті деген сөздер де өріп жүрді.

Қазір оның сүйікті жары Мархабат, қызы Кәусар және ұлы бар. Ол өнегелі отбасының отағасы.

Бүгінде Мейрамбек өнерде өз жолын тапқан, ел ағаларының біріне айналған.

Кішкентай кезінен бастап сахнаға қарай сүйрей жөнелетін ұстазы Алтынбек Қоразбаев Мейрамбектей шәкірт тәрбиелеп шыққанына дән риза екенін жасырмай айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1307904-qazaqtynh-qonhyr-uni-meyrambek-bespaev/