Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал әнші айнадан көрген елес туралы айтып, жұртты қорқытты

Жарияланған күні:

Танымал әнші Маржан Арапбаева студенттік шақта басынан өткен қорқынышты оқиғасын баяндап, айнадан көрген елес туралы айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы ол "Астана" арнасының "Ел аузында" бағдарламасында айтты.

Қазір әнші айна тұрған бөлмеде ұйықтай алмайтын болған. Оның себебін ол былай түсіндірді:

"Бұл оқиға менің студент кезімде болды. Оны жанымдағы қыздар біледі. Мен қатты суық тиіп ауырып жаттым. Ыстығым көтеріліп жатыр. Күндіз ұйықтап қалғам. Қыздардың барлығы бөлмеден шығып кеткен. Кешкітұрым ояндым. Қарасам қап-қараңғы. Көз алдымда тура айна, терезенің алдына айна қойып қойғанбыз. Айна маған қарап тұр. Көзімді ашсам жаныма бір әйел келіп отырғандай болды. Өзім түсінбедім. Шашы ұзын, сары әйел, саусақтары ұзын, саусақтарын сықырлатып, жанымды отырды. Сол кезде мен өзіме "Маржан жинал, сен тұру керексің", - деп өзіме қайталай беріп, бар күшімді жинап атып тұрған кезде, ол зып етіп айнаға кірді де, жоқ болды", - деп айтып берді Маржан.

Сондықтан ол бүгінде айна тұратын бөлмеде мүлдем көз ілмейді екен.

Тағы оқыңыздар:

Әлия Назарбаева көпшілікке күйеуі мен балаларын көрсетті (фото)

Парамен ұсталған Сақташ Хасенов 28 миллион теңгеге жол талғамайтын көлік алған

Назарбаев Жапония императорымен кездесті (фото)

Головкин әйгілі Пакьяомен жұдырықтасуы мүмкін

Жапонияда "Президент Назарбаев" деп аталатын бақыт гүлі өсіп жатыр (фото)

ОҚО-да бизнесменнен таяқ жеген аудан әкімі ұялғаннан қызметінен кетпекші

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1308577-tanymal-anshi-aynadan-korgen-eles-tura/