Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық эстрададағы көп балалы жұлдыздар кімдер?

Опубликовано:

Көптеген жұлдыздар өнер жолының ауырлығын алға тартып, бала сүю секілді өмірдің заңдылығынан бас тартып жатады. Кейбірі бұған саналы түрде барса, екіншілері күн демей, түн демей еңбек етіп жүріп, мұндай бақыттан қалай айрылып қалғандарын өздері де білмей қалады. Қазақ эстрадасында қазақ санын көбейтіп, демографияның жақсаруына өз үлесін қосып жүрген әншілер аз емес. Солардың бірсыпырасын NUR.KZ порталы ұсынады.

Қыдырәлі мен Қарақат

Өнерін өшірмей, төрт ұлының тәрбиесін қатар алып жүрген жұлдызды жұптардың бірі Қыдырәлі мен Қарақаттың отбасы. Қарақат өнер адамының жұбайы болғанның қаншалықты қиын болғанын отандық бағдарламалардың бірінде айтқан болатын. Бүгінде үлкен ұлының жасы 15-тен асып кеткен жұлдызды жұп төрт ұлдан кейін қызым болсын деп армандап жүр.

Алтынай Жорабаева мен Сәбит

Қарақат қызды армандап жүрсе, Алтынай жары Сәбитке бір емес, төрт қыз сыйлап үлгерді. Желі қолданушылары "Алтынайды төрт баланың анасы деп айта алмаймыз"- дейді. Бір жылдары ол қатты салмақ қосып, сахнаға шықпай кетсе де, қазіргі таңдай оның сұлулығы елді таңдай қақтырып жүр. Ал оның жары Сәбит болса, нағыз көп балалы әке. Оның Айгүлден туған ұлын қосқанда, ол бес баланың әкесі.

Индира Расылхан

Өнердегі құрбыларынан Индира Расылхан да қалысқан жоқ. Төрт баланың анасы атанған ол, әу бастан-ақ көп балалы болғысы келеді екен. Бүгінде жиі ел аралап, гастрольдететін әнші көп балалы болу өнерде жүрген әйелдерден гөрі ер адамдарға жеңілдеу дейді. Балаларын бағып-қағуда оның анасы бір кісідей көмек қолын созады екен.

Нұржан Төлендиев

Ел арасында "Тука" деп танылған Нұржан бүгінде алты баланы тәрбиелеп отыр. Өз отбасы туралы ашылып атйқанды ұнатпайтын Нұржан жұлдызды "ерлер" арасында көш бастап, көп балалы әкенің үлгісіне айналған.

Роза Әлқожа

Үш ұл, екі қыздың анасы Роза Әлқожа көп баланың анасы болып, оны өнерде қатар алып жүру оңай емес екенін тілге тиек етеді.

"Қазір балалардың сабағы қиын. Тіпті біз өзіміз есептерін шығара алмай қиналып қаламыз. Балалар тыңдамайды, әрқайсысы өз алдына ерке", - деп шағымданды Роза отандық бағдарламалардың бірінде. Дегенмен, республиканың өңір-өңіріне гастрольдетіп жүрген әнші бала да туып, әнін де әуелетіп жүргені жасырын емес.

Динара Сұлтан

Танымал әнші Динара Сұлтан 4 баланың аяулы анасы. Үш қызын ханшайымдай етіп өсіріп отырған Динара Сұлтан осы жылдың ақпан айында ұлды болған. Өнерін әлі де жалғастырып келеді.

Абай Бегей

Бұдан аз уақыт бұрын жан жарынан айрылған Абай Бегей төрт баланың әкесі. Ол бүгінде балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отыр. Басынан өткен қиын жағдайдан кейін әнші екінші рет үйленуге дайын еместігін бірнеше мәрте айтқан болатын. "Балаларымды аяймын", - деген әншінің жеке өмірі уақыт еншісінде.

Тұрсынбек Қабатов

Айрықша әзілімен жұрттың көңілін көтеріп тастап жүрген Тұрсынбек Қабатов төрт баланың әкесі. Оған жары Мөлдір 3 қыздан соң ұл бала сыйлап, қуантқан еді.

Қайрат Баекенов

"Формат" тобының әншісі Қайрат Баекенов бүгінде бесінші баланың әкесі атанатынын айтқан. Бұл туралы отандық бағдарламалардың бірінде айтылды. Көп балалы әке отбасы туралы көп айта бергенді ұнатпайды.

Мақсат Базарбаев

Тоғыз жыл бойы бір перзентке зар болған Мақсат пен оның жары бүгінде төрт баланы дүниеге әкелген. Оның үлкен ұлының есімі - Аңсарбай, ал үш ұлдың ішіндегі кенже қызының есімі - Аянат.

Ерлан Көкеев

Ерлан Көкеев те үлгілі әкелер санатында. Оның көптен күткен ұлы тек үш қыздан кейін ғана өмірге келген.

Тағы оқыңыздар:

ОҚО-да 70 жастағы қария өзінен отыз жас кіші орыс қызға үйленді (фото)

Гүлназ Әлімгерей: Енемнің қолдауын үнемі сезінемін

Қостанайда өзіне жаңа көңілдес тапқан әйел күйеуін өлтіруге киллер жалдаған

Қазақстандықтар "қара жұмамен" қалай алданып жатыр? (фото)

Қарызға белшесінен батқан шымкенттік жігіт 9-шы қабаттан секіремін деп елдің зәресін алды (видео)

Нағима Есқалиева жас кезінде бала туып алмағанына қатты өкініп жүр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1331138-otandyq-estradadaghy-kop-balaly-zhuldy/

pixel