Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Гүлнұр Оразымбетова өзін біреудің отбасын бұзды деп айыптағандарға жауап берді

Жарияланған күні:

Танымал әнші Гүлнұр Оразымбетова өзінің жеке өміріне қатысты сұрақтарға жауап берді. Әнші 31 арнаның "Ұят емес" бағдарламасында ағынан жарылып, өз өміріне қатысты шындықты жариялады.

Гүлнұр ханым осы уақытқа дейін ешкімге айтпаған сырымен бөлісті. Әншінің 1979 жылғы туған сіңлісі тура аттестат алып, мектеп бітіретін күні мерт болған.

"Суға түсіп кеткен басқа сыныптасын құтқарамын деп, сіңілім суға батып кетті. Оны құтқару мүмкін болмады. Уақыт барлығын емдейді екен. Өзінің тағдыры ғой деп жұбатамын. Осыдан соң, анам өз-өзін тастап жіберді", - деген әнші көз жасына ерік берді.

Сондай-ақ, Гүлнұр Оразымбетова өзін біреудің отбасын бұзып, тоқал болып тиіп алды деп айыптағандарға жауап берді.

"Мен халықтың алдында ақталудан шаршадым. Ол кісі мені жас кезімде көріп, ғашық болды. Яғни, мені бар болмысыммен сүйді. Әрине, мен оның отбасылы екенін білдім. Кім өзінің әп-әдемі жанұясының бұзылғанын қалайды. Әрине, ешкім. Сондықтан мен осылай болуы керек болды деп қабылдаймын. Мен оны бұрынғы отбасынан қызғанған жоқпын. Мені өнерден, сахнадан алыстатқан емес", - деді Гүлнұр Оразымбетова.

Әншінің айтуынша, олар 20 жылдан бері Алла алдында бірге болғанымен, заңды некеге осыдан 8 жыл бұрын тұрыпты. Ол өзінің жары ешқандай миллионер емес, мемлекеттік қызметкер екенін айтты.

Тағы оқыңыздар:

Шымкенттік ақсақал әйелін сырқаттан құтқару үшін 100 мың теңге беретін адам іздеп жүр

Назарбаев қатысқан "Түнгі студияда" бағдарламасынан үзінді жарияланды (видео)

Шымкенттік бүлдіршін Назарбаевқа жүрек тебірентер хат жазды (фото)

Сырға салды деп жұртты шулатқан ақын баланың үйленетіні рас па?

Колумбиядағы әуе апатынан 76 адам қаза болды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1332919-gulnur-orazymbetova-ozin-bireudinh-ot/