Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Аиша Виктория деген есімін өзгертіп, мұсылмандықты қалай қабылдады?

Опубликовано:

Аиша жары Бүркіт үйде жүргенде оны өз есімімен Вика деп атайтынын айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы ол 31-арнадағы "Ұят емес" бағдарламасында айтып берді.

Әншінің айтуынша, Бүркіт оны Аиша деп емес, Вика деп атайды.

Дарынды биші қызды болашақ жары ретінде көргісі келген Бүркіт Аишаның қыр-соңынан қалмай, екі жыл бойы жүгіргені бұған дейін де айтылып жүр.  Ол Аиша үшін көптеген әрекеттерге барған.

"Сол кезде істеген ақымақтықтарымды есіме алуға да ұят. Жыртық шалбар, кроссовкилер киетінмін. Неге артымнан жүгіре береді деп түсінбейтінмін. Одан құтылғым келетін. Оған қоса, тағы бір жігітпен сөйлесіп жүрдім. Содан Айбек, сол жігіт үшеуіміз жақсылап сөйлестік. Маған Айбек екеуіміздің бірімізді таңда деді. Ал мен алдым да, сол жігітті таңдайтынымды айттым. Ал ол жігіттің маған деген көңілі де аса болмаған, қатты жақсы көрмейтін,"- деді ол.

Осылайша, сағы сынған Бүркіт Аишамен мүлдем қарым-қатынасын үзеді.

"Аз уақыт өткен соң, мен оны бір клубта көріп қалдым. Сөйтіп, оны жақсы көретінімді түсіндім. Оған өзім жақындай бастадым, былайша айтқанда артынан қалмадым. Үйінің алдына барып, төрт сағат отырғаным да бар", - деген ол Бүркітке ұсынысты өзі жасағанын айтты.

Кейіннен олар некеге отырғанда Аиша мұсылмандықты қабылдап, өзінің Виктория деген есімін Аиша деп өзгерткен.

Тағы оқыңыздар:

Ақжарқын Тұрлыбайдың анасы қызының Қытай түрмесіндегі өмірі туралы айтты (фото)

Үндістанда діни рәсім кезінде 40 адам бірін-бірі таптап кетті

Ақтауда балалығының қалай өткенін білмей қалған ересектерге арнайы балабақша ашылды

Шымкенттегі жаңа әкімдік маңындағы көпқабатты жаңа үйлерді сасық су басып жатыр

Алматы облысында қызметкерлерінің сыйақысын өз атына жазған басшы шатылып жатыр

Шымкентте террорлық әрекет жасамақ болғандар сотталды

Алматыда жас отбасы сәбиінің өліміне медбикені айыптап сотқа жүгінді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1359531-burkitke-turmysqa-shyghu-ushin-aisha-vikt/

pixel