Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Батырхан Шүкеновтің анасы: Келінім "сексен жастасыз, ертең бәрібір өлесіз" деді

Жарияланған күні:

Батырхан Шүкеновтің анасы Дилара Шүкенова Батырханның әйелімен қарым-қатынасы туралы ашылып айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы ол 31-арнадағы "Ұят емес" бағдарламасында айтылды.

"Астанадағы үйін сатып, ақшасын берген болатын ол әйелге. Ақша алған жоқпын депті ғой. Жала жауыпты. Мен, пенсияда отырған адам немді беремін. Бауырларының өзінің отбасы бар. Басында сол үйдің ақшасын берерде байқап жұмса деп ескертіпті",- дейді анасы Екатерина Шелякованың ресейлік телеарнасының біріне берген сұхбатына қатысты.

"Бірақ, соңында ризамын, екі қабатты үй берді деп айтыпты. Баламның өзінің бөлмесі бар, музыкалық аспаптары бар депті. Қордан түскен 340 мыңға сол жақтан үй сатып әперді ғой. Астында үш бөлме, үстінде үш бөлмесі бар. Қазір 50-ге келіп, бір курсты оқып жатырмын деп жазыпты ғой, біреулердің үйін барып тазалайды екен", - дейді анасы.

Дегенмен, ол келінінің өзіне айтқан ауыр сөздеріне қатты ренжігенін айтады.

"Басқа үй жоқ беретін. Мына тұрып жатқан үй әкесінің атында. Жақында ғана өз атыма аудардым. Келінім мына үйді "Мақсұтқа мұрагерлікке жаздырып қойыңыз. Сексенге келдіңіз, ертең бәрібір өлесіз деді маған. Сол сөзіне мен қатты ренжідім. Өзін үнемі аурумын дейтін ғой. Мен де айттым, сен менің қашан өлетінімді білмейсің. Ауру екенсің, мен емес, сен өлетін шығарсың, мүмкін, дедім мен", - дейді анасы.

Ол өзінің бірауыз қазақша білмейтін немересінің жат болып кететініне күйінеді.

"Бұрын маған әкеліп тастайтын, бір екі-айға, қатты бауыр басып қалған кезімізде, қайта алып кететін. Сөйтіп анасы басқа нәрсе айтады оған ана жақтан. Әйтпесе, мені әже деп жақсы көріп тұрады. Балалармен сөйлесіп тұрады", - деген әже оны жанына алып жата алмайтынына өкінеді.

"Өнерде жолы болғанымен, Батырдың өмірде жолы болмады ғой", - деген ана өзінің өкінішін жеткізді.

Тағы оқыңыздар:

Нигерияда өз-өзін жарып жібермек болған әйелді халық ұрып өлтірді

Обама: Президенттік сайлауда Трампты жеңер едім

Үндістанда қайырымды жан бір мезетте үйленген 236 жұптың тойын жасап берді

Головкин «Жылдың үздік боксшысы» атағынан құр қалды

Науқас балаларға жеміс-жидек таратқан жас жігіт желіде жұлдыз болды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1360029-batyrkhannynh-anasy-kelinim-seksen-zhas/