Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бір жыл бойы ел аузынан түспеген үйлену тойлары

Жарияланған күні:

2016 жыл көптеген саяси, экономикалық, әлеуметтік жаңалықтарға ғана емес, сонымен бірге үйлену тойларына да бай болды. NUR.KZ порталы бүкіл әлемді аузына қаратқан үйлену тойлар топтамасын ұсынады.

Саид Гуцериев пен Хадижа Ужахованың үйлену тойы

Ресейдің ең бай отбасыларының бірінің мұрагері өзінің үйлену тойына қыруар қаражат жұмсады. Тек қалыңдықтың көйлегіне ғана 2 000 000 $ жұмсалды. Той қонақтарына Стинг, Джей Ло, Энрике Иглесиас, Патрисия Каас пен Алла Пугачева ән салып беріп, көңілдерін көтерді.

Давид Марди мен Анна Елашвилидің үйлену тойы

Танымал ресейлік бизнесмен Мераб Елашвили өзінің Анна есімді қызын күйеуге берді. Осыған байланысты ол бұрын-соңды болмаған банкет жасады.

Хамзат Кадыров пен Иман Магомадованың үйлену тойы

Рамзан Кадыровтың жиенінің тойы "патшалардікіндей" салтанатпен өтті. Бұл тойда ұлттық ойындар ойнатылып, бкіл халық болып тойланды. Тойға шамамен 2 мың адам қонақ болып келді.

Саркис Карапетян мен Саломеи Кинцурашвилидің үйлену тойы

Армян ұлтынан шыққан миллиардер Самвел Карапетян өзінің ұлының тойын дүркіретіп өткізді. Ол бүкіл ресейлік және шетел әншілерін шақырып, өзінің дәулетімен мақтанды.

Абдула Малика мен Даянгку Болкиахтың үйлену тойы

Бруней сұлтанының ұлы Абдул Малик ханзаданың неке қидыру рәсімі туралы бүкіл әлем шулады. Салтанатты шараға 5 мың адам шақырылып, екі апта бойы той тойланды.

Цыган ұлтының өкілдері Лукаш пен Еваның үйлену тойы

Мына жұптың тойы айрықша талқыға түсті. Олар үйлену тойына басқаларға қарағанда азырақ қаржы жұмсағанымен, оларды бүкіл әлем тани түсті.

Бес адамның үйлену тойы

Кувейт ханзадасының тойы тіптен ерекше өтті. Ол байлығымен емес, бірден төрт әйелге үйленгенімен ерекшеленді.

Тойға фатамен ғана келген қалыңдық

Қалыңдықтардың барлығы тойда барынша әдемі болуға тырысады. Бірақ австралиялық Моника Пенберти бақыттың сыры көйлекте емес деген оймен, тойына тек фата ғана киіп келген.

62 жастағы миллиардер мен Playboy моделінің үйлену тойы

62 жастағы мысыр миллиардері Оссам Фатхи Рабаху әл-Шарифтің үйлену той қоғамда түрлі пікірлер қайшылығын тудырды. Ол 26 жастағы ерлерге арналған журналдың моделі Ксения Денилаға үйленген.

Сардор мен Мадины Шокированың тойы

Тәжік олигархы Илхом Шокировтың қызының тойы ел есінен көпке дейін кетпеді. 40 миллион рубль тұратын көйлек киген байдың қызының көңілін Иван Ургант, Леонид Агутин, Стас Михайлов, Филипп Киркоров секілді эстрада жұлдыздары аулады.

Тағы оқыңыздар:

Қарындасына бүйрегін берген жігіт жеңгесіне қалай алданғанын айтып берді

Шаханда қираған үйдің тұрғындарына жаңа пәтер берілмек

ІІМ: 7 қаңтардан бастап пәтерлерді жаппай тексермейміз

Қазақстандық қыздарға қалтасы қалың қытайлықтар құда түсуде

Сәуегейлер 2017-жылға қандай болжам жасаған?

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісіне тез арада еліне қайту туралы бұйрық келген

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1367960-bir-zhyl-boyy-el-auzynan-tuspegen-uylen/