8 жасар жыршы қыз елбасынан сыйлыққа домбыра алды

Опубликовано:

Сыр бойының жас жыршысы Мемлекет басшысынан сыйлыққа домбыра алды деп хабарлайды 24.kz.

Арай Оңғарқызы 6 жасынан қолына домбыра ұстаған. Қаршадай қыздың үлкен сахнаға аяқ басқанына екі жыл ғана болғанымен, дәстүрлі орындаушылардың республикалық және халықаралық байқауларында жүлде алып, халықтың ықыласына бөленіп үлгерген.

Шынашақтай қыздың шежіреден сыр тартқан сазды жырды төгілте орындауы - оның өзіндік ерекшелігі. Сыр сүлейлерінің сара жолын жалғаушы жас талант толғау-термелерді ғана емес, әйгілі Көрұғлы дастанын да көмейінде құйқылжытып жүр.

Жуырда жас жыршы Алатаудың баурайындағы әсем қалада Елбасының алдында өнер көрсетіп, ақын-жырау Айдос Рахметовтің «Елін сүйген Елбасы» туындысын орындаған. Талабы таудай өреннің өнеріне риза болған мемлекет басшысы жас жыршыға өз батасын беріп, домбыра сыйға тартты.

"Бұл домбыра – мен үшін үлкен сыйлық. Елбасының сенімін ақтаймын. Осы домбырамен әрі қарай жыршылығымды жалғастыра беремін", - дейді 8 жасар Арай.

Тағы оқыңыздар:

Қазақстандағы православ христиандары Рождество мерекесін тойлап жатыр

Елімізде әлі күнге дейін Ленин атындағы 352 көше бар

Шымкентте шиеттей үш баласын еріткен ана көрінген жерді паналап жүр

Джейкобс: Головкинмен кездесуім ақыры болатын болды-ау

Еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады

Қазақстан ХҚКО-тары 8 қаңтарда жұмыс істейді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1369262-8-zhasar-zhyrshy-qyz-elbasynan-syylyqqa/

jitsu gif