Төреғали Төреәлінің жаңа киім үлгісі желіде дау тудырды (фото)
Жарияланған күні:
Танымал әнші Төреғали Төреәлінің жаңа күртешесі желіде қызу талқыға түсті деп хабарлайды NUR.KZ.
Әнші жүктеген жаңа суреттегі күртешенің стилін кей желі қолданушылары жақтырмай қалды.
Оның күртешесі қызу талқылауға негіз болып, желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді.
Төреғалидің жаңа күртешесін желі қолданушылары қоғамда атышулы Ninety One тобының стиліне ұқсатты.
Олар өзара дауласып, топ пен әншінің қайсысы мықты деген тақырыпта пікірталасқа түсті.
"Егер Төреғали ағаны ұнатпасаңыз ол кісіге пікір жазбаңыз, біз осы сіздердің Ninety One тобына ештеңе демейміз ғой, 91 тобы Төреғали ағам секілді айтыскер, ақын, әнші болып алсын!", - деді Төреғалидің фанаттарының бірі.
"Төрефандардың eaglz-дарға (ред. - Ninety One тобының фанаттары) қатысы қанша? Пәле дегеніңіз қай сасқаныңыз? Үлкен кісімен қалай сөйлесуді білмейсіз бе? Жасына қарасаңызшы, сосын eaglz-дарға тіл тигізбегеніңіз жөн, бір нəрсе болса, біздерді қыстыра береді екенсіздер, əйтеуір Төрефандар", - деп жауап қайтарды аталмыш топты сүйіп тыңдайтындар.
Тағы оқыңыздар:
Елдің бәріне желтоқсанда табысталып қойған медаль Жазира Жаппарқұлға енді берілді
Қара жамылған үйден көрсеткен қызметі үшін ақша сұраған мешіт қызметкерлері тұрғынды шошытты
Тағайындалғанына 100 күн толған Жансейіт Түймебаев ел есінде несімен есте қалды? (фото)
Бішкек әуежайының маңында ұшақ апат болды
Түркия Ирак және Сириямен шекарасында ешкім өте алмайтын дуал тұрғызып қойды
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1376502-toreghali-torealininh-zhanha-kiim-ulgisi/