Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Меруерт Түсіпбаева өзін сотқа сүйреген Жадоға жауап берді

Опубликовано:

Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева өзін сотқа берген сәнгерге қарсы арыз берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы әнші өзінің Instagram желісіндегі парақшасында айтты.

"Жадыраға арыз берiлдi. Менiң адвокаттарым солай шешiм қабылдады. "Түсіпбаева алдыма жорғалап келсе де, кешірмеймін" дегені... Соттың қалай бiтетiнiн Жадыра бiлетiн cияқты", - деп жазды ол.

Сонымен бірге, әншінің "Время" басылымына берген сұхбатында ол бұл жанжалды бастаған Жадо болғандықтан, өзін кінәлі санамайтынын айтты.

"Мені сотқа бергендер менің сот отырыстарына келмей, сотқа деген құрмет көрсетпей отырғанымды айтып қоймайды. Олар барлық жерге сұхбат беріп, өзімен бірге "елу" адамды ертіп келіп, куәгер ретінде ұсынады", - деген ол Жадоны "шошқа" деп атаған жоқпын дейді.

"Бірақ сіз Жадо күйеуінің көмегінсіз ешнәрсеге қол жеткізе алмайтын еді" деген сөзді айтқаныңыз рас қой?", - деген сұраққа ол былай жауап берді:

"Онда тұрған ешнәрсе көріп тұрғаным жоқ. Жадоның еліміздің батыс өңірінде үлкен қызметте болған адамның әйелі болғанын елдің барлығы біледі (оның өзі де бұл туралы айтқан болатын).

Ал бізді татуластырғысы келген әртістерге ол: "Менің күйеуім ҰҚҚ-де істейді, ал ағаларым - генерал, мен оны үш жылға отырғызып, алдыма жорғалап келсе де кешірмеймін" деп айтыпты. Әрине, мен оның алдына жорғалап бармайтыным анық. Менде ондай байланыстар да жоқ, бірақ мен елімізде әділдік барына сенемін".

Естеріңізге салсақ, сәнгер Жадо Меруерт Түсіпбаеваны "Ел аузында" бағдарламасында талғамсыз деп атаған болатын. Мұны естіген Түсіпбаева Жадоның бұл әрекетіне наразы болып, әлеуметтік желідегі парақшасында Жадоға қатысты бірқатар пікірлер айтып, оны білімсіз деп сынаған.

Ал сәнгер болса,  өзін ел алдында масқаралап, намысына тиетін сөздер айтқан Меруерт Түсіпбаеваны сотқа беріп, одан 20 млн көлемінде өтемақы талап еткен болатын.

Тағы оқыңыздар:

Бай-бағландар жақсы көретін әлемдегі ең қымбат қалалар

Әділбек Ниязымбетов бокстан Қазақстан құрамасының жаңа капитаны болды

Елімізде АИ-92 маркалы бензин бағасы қымбаттайтын болды

Жамбылдық тұрғын жақын досының қыздарына бес жыл бойы азғындық көрсеткен

Әйгілі Усейн Болт Олимпиада алтынынан айырылып қалды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1387916-meruert-tusipbaeva-ozin-sotqa-suyreg/

pixel