Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал дінтанушы Димаш Құдайбергеннің жетістігіне қуанғандарды сынап тастады

Опубликовано:

Танымал дінтанушы Мұртаза Бұлұтай Қытай еліне барып, өзіне миллиондаған адамның назарын аударған әнші Димаш Құдайбергеннің бұл жетістігіне қуанудың қажеті жоқ деп есептейді.

Бұл туралы Мұртаза Жүнісұлы өзінің желідегі парақшасында жазды.

Оның айтуынша, Димашқа қытай азаматтарының барынша назар аударуы қуанатын нәрсе емес.

"Қазақты əлемге таныту дегенді қалай түсінеміз осы?! Қыздарымыз шетінен сұлу, ұлдарымыз шетінен жіңішке дауыспен керемет əн айтады деп пе?!? Бұл қате пікір. Біз қазақты білімділігімізбен, өнімділігімізбен, еңбекшілдігімізбен, жоғары технологиялық өнімдерімізбен, зияткерлік әлеуетімізбен ғана шынайы таныта аламыз. Егер шоу бизнеспен бір ел танылатын болса Голливудтан да көп фильм шығаратын Үндістан танылар еді, ең бай да дамыған елге айналар еді ғой. Үндістанда 700 млн адамның дəретханасы жоқ, ішетін таза суы жоқ, бірақ əнші де, биші де, кино өнері де соларда", - деп жазды ол.

Сонымен бірге, бірнеше айға созылатын бұл байқауға Димаштың қатысуын дінтанушы қытайлардың "саясаты" деп бағалады.

"Асықпаңыз, əлі бұл дода 4-5 айға ұласатын шығар, сол кезде жартылай қытай немесе қытайсүйгіш болып кеткенімізді өзіміз де байқамай қалатын шығармыз. Осы күннің өзінде "шэшэ, шэшэ" деп пост жазып жатқандар бар, бірнеше аптадан соң "нихао" деп кетеді", - деді ол.

"Мəселе, Димашта да емес, оның дауысы мен талантында да емес, ол медальдің бізге көрініп тұрған жүзі. Бірақ, мына байқау арқылы Қазақстан қоғамының, əсіресе қазақтардың Қытай еліне, қытай халқына деген көзқарасы айтарлықтай өзгеріп кетті, политтехнологтардың көздегені де осы болған шығар", - деп пікірін білдірді ол.

Тағы оқыңыздар:

Енесімен тіл табыса алмаған алматылық келін көпшіліктен кеңес сұрайды

Алдағы уақытта күн қайта суытады

Қызылордада жалғызбасты ана жалғыз қызымен аштықта күнелтіп жүр

Жол апатынан қайтыс болған ақтөбелік екі жерлесін өлімнен арашалап қалды

Бішкекте белгісіз біреулер үш әйелді аяусыз соққыға жықты (видео)

Африкалық жігіт ас тұзымен Барак Обаманың суретін салып шықты (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1391782-tanymal-dintanushy-dimash-qudaybergen/

pixel