Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еуропалықтарды мінсіз мүсінімен еліктірген қазақ аруы туралы не білеміз?

Опубликовано:

Шетелдіктерді айрықша түр-келбетімен, сұлу мүсінімен таң қалдырған қазақ қыздары аз емес. Солардың бірі, тек қана аты әлемге әйгілі брендтер мен танымал журналдарға ғана түсетін, бай-бағландар мен танымал дизайнерлердің сәнді кештерінен қалмайтын - Қорлан Мәди.

Қорлан Мәди Еуропада аса сұранысқа ие модельдердің бірі. Ол модельдік бизнеске Алматыда аяқ басқан.

Әйгілі Fendi, Bvlgari, Cinzia Araia, Gabriele Fiorucci, Guerlain және  Revlon секілді әлемге әйгілі брендтермен жұмыс жасайды.

Сонымен бірге, Vogue Italy, L’Officiel Italy секілді журналдармен ынтымақтастыққа отырған. Ол тіптен Алек Болдуин секілді атақты актермен де түсірілімге қатысқан.

Ол танымал әдебиеттанушы, филология ғылымының кандидаты, әдебиет зерттеуші ғалым, ақын Қабиолла Сыдиықұлының немересі.

Алматыға жиі келіп тұратын бойжеткен мұндай сәнді кештерде қадірлі қонақ.

Ол түсірілімдерге жартылай жалаңаш күйінде де жиі түседі.

"New Times.kz" басылымына берген сұхбатында ол модельдік бизнес жолында түрлі жайттарған кездескенін де айтып берген.

Оның айтуынша, батыста қазақ қыздарының ешкімге ұқсамайтын түр-келбеті айрықша бағаланады.

"Біз не азиялыққа, не еуропалықтарға ұқсамаймыз. Айрықшамыз, сондықтан мұндай келбетке сұраныс та жоғары", - дейді ол.

Оның достары Еуропаның модельдік бизнесін бағындырып жүрген тұлғалар.

Бүгінгі таңда Қорлан Италияда тұрып жатыр.

Тағы оқыңыздар:

Шымкентте жолаушыларға лық толы Газель мен автобус жантүршігерлік апатқа ұшырады (фото)

Димаштың қытайлық жанкүйерлері Абайдың өлеңдерін жаппай жаттауға көшті

Павлодарда төрт оқушы сабақ үстінде есінен танып құлап қалды

Жарақат алған жауынгердің анасы әкімдікті сотқа сүйремек

Витастың продюсері Димашты арзанқол пираттық өнім деп атады

Еліміздің бірнеше өңірінде қатты қар жауып, тұман болады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1396002-qazaq-aruy-shetel-san-uylerin-nesimen-t/

pixel