Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атышулы "Келін" телехикаясы елімізде 2020 жылға дейін көрсетілуі мүмкін

Опубликовано:

Тұсаукесері 2008 жылдың 21 тамызында өткен теленовелла қазақ көрермендеріне 2011 жылы жол тартты. Бес жыл бойы қазақ көрерменін жалықтырмаған сериал енді "Астана" арнасында көрсетіледі деп жазады rgmedia.kz.

Сегіз жасында ата-анасының құдандалы болуымен тұрмысқа шыққан өрімдей қыз Анандидің өмірі көрерменді ә дегеннен баурап алды. Каляни секілді қатыгез ененің қолына түскен жас келіннің бастан кешкен оқиғалары тым ұзаққа созылып кеткені рас. Балдырған келін бойжетіп, ана атанғанға дейінгі оның өмірі шым-шытырыққа толы болды.

Телехикаяның соңғы бөлімдерінде Анандидің ұл-қызының өмірі үшін арпалысы баяндалуда. «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде сағызша созылған сериалды талқылап отыратын топ бар. Онда қолданушылар алдағы болатын бөлімдерінен үзінділер келтіріп, болжамдар жасап тұрады. Телехикаядағы әрбір актер, актрисаның фотосуреттері мен жеке өмірі туралы мәліметтерді де осы жерден таба аласыз.

Жаңа маусымнан не күтеміз?

Бес жылда келіннің ғұмырын суреттеп бітпеген телехикаяның жаңа маусымы Анандидің қызы Нандинидің өміріне арналмақ. Жаңа кейіпкер мен тың оқиғаларға толы маусымды көрермендер асыға күтуде. Ғұмыры қуаныш пен өкініш, тартыс пен таласқа толы анасы мен өз өмірін баяндап Нандини кітап жазады. Фильм міне, сол кітаптың соңғы бетімен аяқталмақ. Режиссерлардың айтуынша сериал 2265-ші бөлімімен бітеді. Әлеуметтік желілерде қолданушылар «Келіннің» «құдай қаласа, 2020 жылы аяқталатынын» жазуда. Демек, «Астана» әлі қазақстандықтарды үш жыл бойы өзіне телміртіп отырады деген сөз.

Қызықты мәлімет

"Келін" телехикаясы ұзақтығына қарамастан рейтингі ең жоғары кинофильмдер қатарына кіреді. Үндістанда телехикая «Үздік драмалық сериал», «Үздік сценарий» секілді жиырмаға жуық телевизиялық марапаттарға ие болған. Сериал әлемнің бірнеше елдерінде көрсетілуде. Түсірілімдегі 5 жылдың ішінде телехикаяда басты рөлдерді сомдаған актерлердің басым бөлігі ауысып кетті. Мәселен, бір ғана Анандидің рөлін үш актриса сомдаған: Авика Гор, Пратюша Банерджи және Торад Распутра. Олардың арасындағы Пратюша Банерджи өмірден озып кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1413186-atyshuly-kelin-telekhikayasy-elimizde-2020/

pixel